Барлық жарияланымдар

 Қазақстандағы мемсатып алуларды адал да әділ ету үшін ақша жинауды бастаймыз!

Сәлем құрметті достар мен ашық мемсатып алуларды қолдаушылар!

Біз, «KUN JARYGY» коалициясы — мемсатып алудардың қоғамдық мониторингімен айналысатын қауымдастықпыз.

Біз еліміздің мемсатып алуларын жақсарту үшін 3 маңызды бастаманы жүзеге асыруға дайынбыз.

🔍 Бастама 1: Қазақ тіліндегі вебинар.  Біз қазақша вебинар дайындап, сіздерге салықтың қалай пайдаланатынын көрсетіп, бақылауды үйретеміз. Бұл әкімдіктер мен меморгандардың ашықтығын ұлғайтуға қажет.

📽️ Бастама 2: Мемсатып алулар туралы видеороликтер. Біз қазақ және орыс тілдерінде 5 қысқа роликтер түсіреміз. Олар мемсатып алу процесі қалай жұмыс жасайтынын және мониторингтің тегін құралдарын пайдаланудың лайфхактары туралы болады.

📢 Бастама 3: Журналистерге арналған семинарлар. БАҚ және журналистерге арналған қазақ тіліндегі оқу семинарын өткіземіз. Мемсатып алулардың ашықтығын арттыратын құралдың бірі — журналистика. Семинар журналистерге сатып алулардың қыр-сырына машықтандырып, сатып алуларды одан да жауапты қылуға жағдай жасайды.

Сіздің салған үлесіңіз осы бастамаларды жүзеге асыруға және Қазақстанды одан да ашық әрі әділ етуге көмектеседі.

💪 Бізге қосылыңыз, мемсатып алуларды бірге дамытайық. Әр бастама туралы нақты ақпарат және қаржылай үлес қосу үшін краудфандинг платформасы дайын тұр Үлес қосу.

Қолдауыңыз үшін рахмет!  🌟