Барлық жарияланымдар

«Мемлекеттік сатып алуды талдау модулі» вебинар туралы

2023 жылы 20 қарашада Қоғам белсенділеріне, Үкіметтік емес ұйымдарға, Журналистер мен Блогерлерге арналған Вебинар ұйымдастырылды.

«Әділдік жолы» РҚБ-нің өкілі Бауыржан Заки мен «Kun Jarygy» коалициясының сарапшысы Арман Ахметқалиев Мемлекеттік сатып алуды талдау модулімен жұмыс жасауды үйретті.

Оқыту Қазақстандық компания Datanomix әзірлеген жалпыға қолжетімді және тегін талдау модулін kz.bi.open-contracting.org қолдану арқылы өткізілді.

Вебинарда осы жаңа құралдың пайдалы да қажетті мүмкіндіктерін Мемсатып алуды талдауда қалай пайдалану қажет екені көрсетілді.

Оның ішінде:

— kz.bi.open-contracting.org талдау модулімен жұмыс жасау.

— әртүрлі деңгейлерде – ұлттықтан аймақтық және нарықтық деңгейге дейін сатып алудың тиімділігін талдау.

— сатып алу арқылы бюджет қаражатының игерілу пайызын жедел бақылау.

Соңында өмірден алынған нағыз кейстар – анықталған заң бұзушылықтар көрсетілді.

Вебинарға еліміздің 5 өңірінен 14 адам қатысты.

Видеожазбасы ttps://youtu.be/z38aYgckIYg?si=q6d5UVsWvelrNwEg мекенжайында қолжетімді.

Коалиция сарапшыларының, әсіресе журналистердің зерттеулері туралы prozakup.kz сайтынан оқи аласыздар.

Бұл семинар USAID және SICA бағдарламасы аясында Eurasia Foundation Inc. қолдауымен жасалды.