Барлық жарияланымдар

Ашық болашақ: Қазақстандағы мемлекеттік сатып алу мониторингіне азаматтық белсенділікті күшейту үшін бизнес-тренерлерді оқыту

Құрметті бизнес-тренерлер!

Біз Сіздерге «Ашық болашақ: Қазақстандағы мемлекеттік сатып алу мониторингіне азаматтық қатысуды қалыптастыру» инновациялық жобамыздың бір бөлігі болу үшін бірегей мүмкіндік беруге қуаныштымыз.

Бұл неліктен маңызды?

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі жүйесі тиімді бақылау үшін азаматтық қоғамның білікті өкілдерінің жетіспеушілігі проблемасымен бетпе-бет келіп отыр. Біздің жоба ашықтық пен азаматтардың мемсатып алу процестеріне қатысуын қамтамасыз ету арқылы осы мәселені шешуге бағытталған.

Біз не ұсынамыз?

Болашақта азаматтық қоғам өкілдерін, белсенділерді, журналистер мен блогерлерді мемлекеттік сатып алуға мониторинг жасауды үйрету/оқыту үшін кәсіби бизнес-тренерлерді TOT-бағдарламасы (training of trainers) бойынша курс өтуге шақырамыз.

Қатысудың артықшылықтары:

  • Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі бойынша кешенді оқытуды өтіңіз.
  • Осы саладағы алғашқы тренерлердің бірі болыңыз және эксклюзивті оқу материалдарына қол жеткізіңіз.
  • Үздік 10 жаттықтырушы ақылы тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.
  • Сіз өз біліміңізді ортаға салып, қоғамымыздың әл-ауқатын жақсартуға үлес қоса аласыз.

Қалай қатысуға болады?

Егер сіз қызығушылық танытсаңыз және Қазақстанда мемсатып алудың ашықтығын дамытуға үлес қосуға дайын болсаңыз, қатысуға өтінімді 2023 жылдың 10 желтоқсанына дейін толтыруыңызды сұраймыз.

Қосымша ақпарат алу немесе сұрақтарыңызға жауап алу үшін digitalsocietykz@gmail.com мекенжайы бойынша хабарласыңыз

Сіздерді күтеміз және біз бірлесіп мемлекеттік сатып алу жүйесін ашық әрі тиімді ете аламыз деп сенеміз!

«Ашық болашақ: Қазақстандағы мемлекеттік сатып алу мониторингінде азаматтық белсенділікті қалыптастыру» жобасы туралы.

Өтінімдерді қабылдау: 2023 жылдың 10 желтоқсанына дейін.

Қатысушыларды іріктеу: 2024 жылдың 17 қаңтарына дейін

TOT курсының мерзімі: ақпан 2024 (онлайн формат)

Тағылымдамадан өту мерзімі: 2024 жылдың наурыз-мамыр айлары (онлайн формат)

Ұйымдастырушылар: “Digital Society” қоры, Мемлекеттік сатып алу мониторингі қоғамдастығының – Kun Jarygy коалициясы өкілі, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Дипломатиялық миссиясының қолдауымен