Барлық жарияланымдар

35,2 млрд тенгеге, Еліміздегі ең нашар жолдар

10.02.2023 ж. БҚО Қоғамдық кеңесінде талдау нәтижелері талқыланды:

  • жол жөндеу жұмыстарына кепілдік мерзімін сақтау.
  • әкімдік тарапынан мемлекеттік сатып алу жұмыстарының мониторингіне тұрғындарды тарту.

Кеңес мүшесі, «Әділдік жолы» РҚБ өкілі, «Күн жарығы» коалициясының сарапшысы Бауыржан Заки Ахметжан жолдардың жай-күйіне тоқталып, фотосуреттер көрсетті.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысында 4 жылда 35,2 млрд бөлінді, бірақ бұл жолдар соңғы жылдары еліміздегі ең нашар деп танылып келеді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, автомобиль жолдарын жөндеу, қайта жаңарту және құрылысына игерілді:

  • 2020 ж. — 6,7 млрд. тенге
  • 2021 ж. — 5,7 млрд. тенге
  • 2022 ж. — 10 млрд. тенге
  • 2023 ж. — 1,4 млрд.тенге

Жөндеу-құрылыс жұмыстары 88 нысанды қамтыды, оның ішінде Ақжайық ауданында – 5, Бәйтерек – 16, Бөкейорда – 3, Бөрлі – 2, Жанғала – 2, Жәнібек – 7, Қазталов – 7, Тасқала – 12, Теректі – 4, Сырым – 1, Шыңғырлау – 5.

Яғни, жол жөндеу мен құрылыс аудандарда біркелкі емес бөлінген.

Бәйтерек ауданында 16 нысан, Тасқала ауданында 12 нысан жөндеуден өткен болса, Бөрлі және Сырым аудандарында тек 2 және 1 нысан жөндеуден өткен.

Бір ауданның жолдарының барлығы жасалған ба әлде келесі аудандың әкімі сонша епті ме?

Облыста жолдардың 60%-на мердігер – жол компаниялары 2 жылдан 3 жылға дейін кепілдік береді, ал кейбір жағдайларда асфальт жабын мерзімі бітпей бұзылып, күрделі жөндеуді қажет етеді.

  • Теректі ауданына барған кезде 2021-2022 ж. төселген асфальттың кепілдік мерзімі уақытында бұзылғаны анықталды.
  • «Айдана» ЖШС-і 828 млн. теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізген «Теректі – Ақсай» аудандық маңызы бар жолдың учаскелерінде (43-58 км.) көлденең және параллельді жарықтар мен ойықтар пайда болған.
  • «Елжас» ЖШС-нің 73-82 шақырымдық учаскесінің барлығы дерлік бүйірлерінде және ортасында үлкен шұңқырларда (шарт сомасы 518 млн.).

Алайда жобалық құжаттаманы зерделеп, мамандардың кеңесін алған заңгер, бұл жолда қолданылған асфальт төсеудің жаңа әдісі – қайта өңдеу мұндай топыраққа жарамайды деп есептейді.

Бір жылда жаңа асфальт көз алдымызда опырылуда. Бұл жерде мемлекеттік сараптама дұрыс жүргізілмеген болуы мүмкін, және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бар шығар.

Бұзылу сапасыз материалдарға немесе жұмыс технологиясына байланысты болуы мүмкін.

Сонымен қатар, баяндамашы азаматтардың белсенділігі мен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды сапалы орындау, оның ішінде жолдарды төсеу, мектептерді күрделі жөндеу және т.б., құралдарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Азаматтардың белсенділігін арттыру және «мемлекеттік сатып алудың түпкілікті бенефициары – халық» тұжырымдамасын әзірлеу қоғамның рөлін күшейтуге және олардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейтуге құқықтық жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Бауыржан Заки және оның командасы 2023 жылдың 23 тамызында мемлекеттік сатып алудың Тәуелсіз қоғамдық мониторингі бойынша пилоттық курсты сәтті өткізді, оған облыстың 16 тұрғыны қатысты.

Бұл жалпы сыбайлас жемқорлық пен заңсыздықтан шаршаған азаматтардың атқарушы билікке талап-тілектерінің барын және қызығушылық танытқан азаматтардың жеткілікті екенін көрсетеді.

Айтпақшы, 02.10.2023 ж. Президент Қ-Ж. Тоқаев «Қоғамдық бақылау туралы» Заңына қол қойды, оның мақсаты азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатыстыру және оларды қоғамдық бақылау процесіне тарту болып табылады.

Сөз соңында Бауыржан Заки «Күн жарығы» коалициясы және Қазақстандағы мемлекеттік сатып алуды бақылау платформасы — prozakup.kz туралы айтып берді, оған қызығушылық танытқан азаматтар курстың барлық кезеңдерін сәтті аяқтап, қажетті білім алғаннан кейін сарапшы бола алады.