Мониторингтің барлық құралдары

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГІ БОЙЫНША ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖАЛПЫ ШОЛУ

Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі бойынша жаттықтырушыларды даярлау бағдарламасын «Цифрлық қоғам» ҚҚ және «Kun Jarygy» Коалициясының сарапшылары АҚШ-тың Алматы қаласындағы Дипломатиялық миссиясының қолдауымен «Жарық болашақ: Қазақстанда мемлекеттік сатып алу мониторингі кезінде азаматтық белсенділікті дамыту» жобасы шеңберінде әзірледі.

Сондай-ақ, жобада мемлекеттік келісімшарттар мен сатып алуларды ашу және жаңарту үшін үкіметтер, кәсіпорындар, азаматтық қоғам және технологтар арасындағы ынтымақтастықты іске асыруға үлесін қосатын АҚШ-та орналасқан коммерциялық емес ұйым Оpen Contracting Partnership (OCP) өкілдері дәріс оқыды.

Курстың бұл материалдары «Мемлекеттік сатып алулардың қоғамдық мониторингі» авторлық курсын құруға мүдделі азаматтық қоғам жаттықтырушылары мен білім беру мекемелеріндегі оқытушылардың авторлық курстар құруын қолдауға арналған. Осы материалдардан мәтіндерді пайдаланған кезде дереккөзге сілтеме көрсетуіңізді сұраймыз.

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГІ БОЙЫНША ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ КУРСЫ

Сессияның атауыСессияның мақсаттары Сессияның тезистері
№1 сессия – ҚР Мемлекеттік сатып алу жүйесіне кіріспе  

Дәріскер:
Серік Жұмабаев
– Мемлекеттік сатып алу жүйесінің негізгі элементтерімен және олардың өзара іс-қимылымен танысу.
– Мемлекеттік сатып алулардағы бақылау жүйесіне қоғамдық қатысудың маңыздылығын түсіну.
– Мемлекеттік сатып алу жүйесінің негізгі элементтері және олардың рөлі мен өзара іс-қимылы.
– Мемлекеттік сатып алудағы бақылау жүйесі, оған қоғамдық қатысудың маңыздылығы
№ 2 сессия – Мемлекеттік сатып алуды реттейтін ҚР заңнамасы  

Дәріскер:
Сәкен Естай
– Қиындықты түсінікті ету! Біз сіздердің мемлекеттік сатып алуды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздерін меңгергеніңізді қалаймыз.
– Неге? Осы саладағы мемлекеттік және жергілікті органдармен тиімді қарым-қатынас жасау үшін Сіз мемлекеттік сатып алуларды кәсіби маман ретінде талдап, қадағалай аласыз.
– Мемлекеттік сатып алулардағы ойын ережелері, мемлекеттік сатып алуларға қоғамдық мониторингті тиімді жүргізу үшін игеру қажет заңдар мен ұғымдар.
– Бақылау, сатып алу процесінің кезеңдері, жеткізушілердің біліктілігі, сатып алу тәсілдері, ережелерден ерекшеліктер, жанжалдарды шешу.
№3 сессия — Тендерлік талдау негіздері: Мемлекеттік сатып алу механикасынан тендерлік құжаттамаға дейін

Дәріскер:
Бауыржан Мақұлбаев
Нұрғали Рахманов
 – Мемлекеттік сатып алудың кез келген жүйесі қалай жұмыс істейтінін түсіну.
– Кез-келген тендерлік құжаттаманың әмбебап мазмұны туралы біліп, оның мазмұны бойынша қателер мен бұзушылықтарды қалай табуға болатындығын білу
– Сатып алудың функциялары мен маңыздылығын, бас стейкхолдерлердің (мемлекет, бизнес және қоғам) рөлдерін түсіну.
– Сатып алу циклі туралы түсінік.
– Сатып алуды реттеудің негізгі элементтері (тапсырыс берушілердің, жеткізушілердің түрлері, шекті талаптар, сатып алу нысанасы, реттеу және бақылау органдары, ережеден ерекшеліктер, преференциялар мен шектеулер).
– Сатып алу рәсімдері -пайдалану түрлері мен ережелері.
– Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың әмбебап ерекшеліктері.
— Танымал қателер мен бұзушылықтарға параллель түсініктеме беретін құжаттаманың әмбебап блоктарының сипаттамасы -ұсыныстарды дайындау нұсқаулығы, біліктілік талаптары, техникалық ерекшеліктер, бағалау критерийлері мен әдістемесі, шарт талаптары.
№4 сессия  — ҚР мемлекеттік сатып алу Порталымен жұмыс істеу әдістемесі

Дәріскер:
Айнұр Абекеева
– Мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыстың қолжетімділігі мен нәтижелілігін көрсету, бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін қоғамдық бақылаудың маңыздылығын тыңдаушыға жеткізу.– Мемлекеттік сатып алу порталының қажетті параметрлерін іздеудің негізгі әдістерімен танысу.
– Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін ұсынылған құжаттаманы зерделеу (түрлі салалардан 2 мысал). – Порталға жоғары бағамен қойылған тиімсіз сатып алуларды зерттеу.
– Бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін заңнамалық жауапкершілікті зерделеу.
– Бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға арналған ұсынымдар.
№ 5 сессия – «Kun Jarygy» Коалициясының цифрлық платформасының ресурстары –  www.prozakup.kz Мемлекеттік сатып алу мониторингі жөніндегі қоғамдастық құқықтық навигаторымен және платформаның басқа құралдарымен жұмыс істеу техникасы

Дәріскер:
Арман Ахметқалиев
  – Мемлекеттік сатып алуды қоғамдық талдау үшін prozakup.kz платформасын пайдалануды үйрету.– Заңды навигатор дегеніміз не?
– Бұзушылықтың қандай түрлері бар? – Қоғамдық мониторинг үшін мониторинг құралдарын қалай пайдалануға болады?
– Бұзушылықтар бойынша хаттардың үлгілерін және мемлекеттік органдардың тізімін қайдан табуға болады?
– Мемлекеттік органға өтінішті Е-Өтініш порталы арқылы қалай жіберуге болады?
№ 6 сессия – ҚР Мемлекеттік сатып алу деректерін талдаудың Жария модулімен жұмыс әдістемесі https://kz.bi.open-contracting.org / нақты жағдайлардың мысалында.

Дәріскер:
Виталий Тренкеншу
– Мемлекеттік сатып алуды қоғамдық талдау үшін ҚР мемлекеттік сатып алу деректерін талдаудың Жария модулін пайдалануға үйрету.– Сатып алуды талдаудың жария Модулінің интерфейсімен және функционалымен танысу;
– Мемлекеттік сатып алу мониторингінің қолданбалы кейстерін жария модуль арқылы зерделеу;
– Сұраныстарды қалыптастыру, түсіру және одан әрі жұмыс істеу үшін есептер құру әдістері;
– Мемлекеттік сатып алу порталында талдау нәтижелерін тексеру.
 №7 сессия – ҚР мемлекеттік органдарына өтініштер порталымен жұмыс істеу дағдылары https://eotinish.kz/ . 

Дәріскер:
Руслан Асаубаев
– Қатысушыларды билік органдарымен дауларда Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын күшейту үшін мемлекеттік сервиспен таныстыру.– Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі /ҚР ӘРПК/ дегеніміз не;
– Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы ҚР Заңы;
– Ақпаратқа қол жеткізу туралы ҚР Заңы;
– E-otinish – азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында қалай жұмыс істеу керек;
– E-otinish платформасы ҚР ӘРПК-мен қалай байланысты;
-Қоғам белсенділерінің e-otinish платформасын өзінің кәсіби қызметінде қолдану тәжірибесі; 
– ҚР ӘРПК тәжірибесінен алынған практикалық кейстер.
  №8 сессия – Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын ілгерілету жөніндегі азаматтық бастамаларды қорғаудың қағидаттары.

Дәріскер:
Бауыржан Заки Ахметжан
                        -Мемлекеттік сатып алуды қоғамдық бақылау дегеніміз не, ол не үшін және қалай жасалатынын түсіну. «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның қағидаттарын зерделеу.– Мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс істеу, жоспарларды, лоттар мен шарттарды іздеу.
– Лауазымды тұлғалар жол берген өрескел бұзушылықтар мысалдары.
– Мемлекеттік органдарға сұрау салу.
– Ықтимал бұзушылықтар туралы өтініштерді уәкілетті органдарға е-өтініш арқылы жолдау.
– Объектілерге шығу, фото және видео тіркеу.
– Автомобиль жолдары мен ғимараттар мониторингінің ерекшеліктері.
-Белгіленген бұзушылықтар туралы өтініштерді уәкілетті органдарға е-өтініш арқылы жолдау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207, 312, 317, 317-1-баптары.
– Өтінішті сүйемелдеу және мемлекеттік органның орындаушысымен (қызметкерімен) өзара байланыс.
– Мониторинг нәтижелері бойынша, оның ішінде барғаннан кейін баспасөз релиздерін дайындау – Фактілер туралы пост жариялау.
– Мемлекеттік органдардың жауаптарын алу және оларды өңдеу, деректерді тексеру.
– Қарау нәтижелері туралы, оның ішінде кінәлі адамдарды тарту және бұзушылықтарды жою туралы пост жариялау.
– «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның негізгі қағидаттары
№9 сессия – іскерлік ойын (интерактивті)

Дәріскер:
Александр Шатковский
Владимир Тарнай
– Қатысушыларды UNCTIRAL Мемлекеттік сатып алу туралы модельдік заңда баяндалған қағидаттармен таныстыру. Сессия барысында қатысушылар мемлекеттік сатып алудың қазіргі заманғы қағидаттарының маңыздылығы мен әмбебаптығы және оларды теориялық ұғымдар ретінде емес, мемлекеттік сатып алудың табысты жүйесін құрудың практикалық құралдары мен табыстылық кілттері ретінде қолдану туралы түсінікке ие болады.– Принциптер – жеке құрылымдар және/немесе топтар емес, бүкіл қоғамның мүддесі үшін сатып алудың негізгі және әмбебап мақсаттары.
– Соңғы 20 жылда сатып алудың заманауи принциптері «кристалданған» – үлгілі тізімді ЮНСТИРАЛ 2011 сатып алу туралы Модельдік заңның кіріспесінен көруге болады. Әлемнің көптеген елдерінде дәл осындай қағидаттар ұлттық заңдарда бекітілген.
– Принциптер маңыздылығы бойынша бірдей және БҮКІЛ сатып алу процесінде сақталуы керек.

Тақырып бойынша соңғы жарияланымдар

Білім базасы

Қазақстанда 2021-2022 жж. оқу орнының құрылыс құны
Зерттеу
Қоғамдық мониторинг: 1-жағдай. «Бір көзден» сатып алу үрдістерін талдау
Нұсқаулар
Қоғамдық мониторинг: 2-жағдай. «Бір көзден алу тәсілімен» сатып алуды негіздемелерді дұрыс пайдаланбау фактілерін анықтау
Нұсқаулар
Қоғамдық мониторинг: 3-жағдай. Белгілі бір тұтынушының «сүйікті» жеткізушілерін және басқа тәуекелдерді анықтау
Нұсқаулар
Заң шығарушылар (саясаткерлер): 1-жағдай. Заңнамалық өзгерістердің әсерін бағалау
Нұсқаулар
Заң шығарушылар (саясаткерлер): 2-жағдай. Мемлекеттік сатып алу арқылы бюджет қаражатының игерілуінің % жедел есебі
Нұсқаулар
Заң шығарушылар (саясаткерлер): 3-жағдай. Елдегі, белгілі бір аймақтағы немесе нарықтағы мемлекеттік сатып алудың тиімділігіне талдау жүргізу
Нұсқаулар
Заң шығарушылар (саясаткерлер): 4-жағдай. Белгілі бір нарықта жеткізушілер болмаған кезде нарықтағы сәтсіздіктерді (нарық сәтсіздіктерін) анықтау
Нұсқаулар
Тапсырыс берушілер: 1-жағдай. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуға қатысу тарихын талдау
Нұсқаулар
Тапсырыс берушілер: 2-жағдай. Басқа аймақтардағы, салалардағы ұқсас тапсырыс берушілермен сатып алу қызметінің нәтижелерін салыстыру
Нұсқаулар
Тапсырыс берушілер: 3-жағдай. Нақты өтінім үшін әлеуетті өнім берушінің бағасының негізділігін бағалау
Нұсқаулар
Жабдықтаушылар: 1-жағдай. Мемлекеттік сатып алулардағы бәсекелестердің кәсіпкерлік қызметін талдау
Нұсқаулар
Жабдықтаушылар: 2-жағдай. Әлеуетті тұтынушылардың сатып алу қызметінің тарихын талдау
Нұсқаулар
Жабдықтаушылар: 3-жағдай. ТЖҚБНА үшін сатып алу статистикасын жинау арқылы жеткізілімдер үшін тауарларды таңдау стратегиясын қалыптастыру
Нұсқаулар
Жабдықтаушылар: 4-жағдай. ТЖҚБНА бойынша сатып алу тарихын және бәсекелестердің қызметін талдау негізінде жеткізілетін өнімге баға саясатын қалыптастыру
Нұсқаулар