Бүкіл білім қоры

Қазақстанда 2021-2022 жж. оқу орнының құрылыс құны

КІРІСПЕ

Әлеуметтік құрылымның және оның ілгерілеуінің ең басты және маңызды проблемасы — бұл адамдар бағынатын және олар алдауға тырыспайтын ережелердің болуы. Менің білуімше, бұл мәселенің интеллектуалды шешімі жоқ. Бірде-бір қоғамдық «санкциялар» машинасы ойынның жанжалға немесе төбелеске айналуын тоқтата алмайды (қоғамда ойнау тоқтауы сирек болуы мүмкін), егер қатысушылар оны жалғастыруға қисынсыз мотивтерге ие болса, тіпті егер олар зиян шегетін болса да. Немесе, керісінше, қоғамды сыртқы күшпен қолдау керек, өйткені диктатор өзі басқаратын қоғамның мүшесі емес. Бірақ содан кейін этикалық себептерге байланысты оны қоғам деп атауға бола ма деген сұрақ туындайды.

Фрэнк Г.Найт, Экономика мен этикадағы интеллектуалды шатасулар

«Цифрлық қоғам» қоғамдық қоры 2021 жылы және 2022 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасында мектеп құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алудың тиімділігіне тәуелсіз бағалау жүргізді.

Аталған кезеңде ҚР Мемлекеттік сатып алу порталының ашық деректері негізінде барлық облыстар мен республикалық маңызы бар үш қала бойынша жалпы білім беретін жаңа мектептер құрылысының 200-ден астам мемлекеттік сатып алуларына талдау жасалды.

Жүргізілген талдамалық зерттеулердің қорытындысы бойынша әкімдіктердің мемлекеттік бюджет қаражатын жұмсау тиімділігінің рейтингі, әкімдіктер ұйымдастыратын сатып алулардың бәсекелестік рейтингі, 2021 жылы және 2022 жылдың алғашқы 9 айында жаңа мектептер салуға он ірі мемлекеттік тапсырысты мердігер – алушылардың рейтингі жасалды.

Мектептер құрылысының тиімділігі мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы азаматтық қоғамның жіті бақылауында болуы тиіс деп санаймыз; мемлекеттік қызметшілердің күшімен жауапты мемлекеттік бюрократиялық аппарат жаңа мектептер салуды мемлекеттік сатып алуда ашықтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ымырасыз саясатын жүргізуі тиіс. Үкіметтің мемлекеттік сатып алулар кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларына қойылатын осы талаптардың барлығы және осы процестегі қоғамдық бақылаудың рөлі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 мамырдағы N 31-IV Заңымен ратификацияланған БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясында егжей-тегжейлі және нақты сипатталған.

«Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 390 Жарлығында Қазақстан 200-ден астам халықаралық конвенциялар мен көпжақты келісімдердің қатысушысы болып табылатыны айтылған. Азаматтық қоғамның осындай келісімдердің (конвенциялардың) тәуелсіз мониторингіне қатысуы азаматтық өзіндік сана-сезімді дамытудың пәрменді құралы болып табылады және Конвенцияның талаптарын ұлттық деңгейде тиімді орындауда мемлекетке қолдау көрсетеді.

2021 ЖЫЛЫ ЖАҢА МЕКТЕПТЕР ҚҰРЫЛЫСЫН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ҚР депутаттары, сенаторлары және Үкімет мүшелері алдында атқарушы билікке алдағы төрт жылда Қазақстанда 1000 жаңа мектеп салу туралы тапсырма берілді.

Кейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып өткендей, орта білім беру саласындағы осындай стратегиялық жоспардың себебі Қазақстанда урбанизация мен бала туудың өсуіне байланысты 2025 жылға қарай қолда бар жалпы санға қосымша бір миллион оқушы орнын құру қажеттілігі болып табылады. Бұдан әрі министр 2021 жылы 200 мектепті пайдалануға беру жоспарланғанын айтты. Әкімдіктермен бірлесіп төрт тетік пайдаланылатын болады: мемлекеттік-жекешелік әріптестік, жекеменшік мектептер желісін дамыту, мемлекеттік бюджет арқылы нысаналы құрылыс және құрама (тез салынатын модульдік) конструкциялар базасында мектептер салу.

Бір айдан кейін алдағы бес жылда 1000 мектеп салуды көздейтін бұл триллион сомалық құрылыс жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен қабылданған «Білімді ұлт «Сапалы білім беру» ұлттық жобасына енді [1].

1000 жаңа мектептің нысаналы құрылысына бюджетте 2021 жылдан бастап жалпы сомасы 972 млрд. теңге жоспарланған, оның 183,4 млрд. теңгесі – республикалық бюджет қаражаты, ал 788,8 млрд теңгесі – жергілікті бюджет қаражаты, яғни облыстық әкімдіктер мен Қазақстанның республикалық маңызы бар қалалары.

Жергілікті билік қаражаты мектептердің нысаналы құрылысының жалпы бюджетінің 81%  құрайды, демек, мектеп құрылысына тапсырыс берушілер — жергілікті билік органдарының: Қазақстан облыстары мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (Алматы, Астана, Шымкент) мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқармалары.

   Мектеп салуда оқушы орнының нарықтық құны

Оқушы орнының объективті құнын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ең төмен жағдайларда есептеу үшін біз ашық ақпарат көздерінен алынған жеке құрылыс компаниялары салған жалпы білім беретін мектептердің құрылыс жобалары бойынша деректерді пайдалануды ұсынамыз, өйткені бұл  тапсырыс берушілер бағаны жасанды түрде көтеруге мүдделі емес жеке демеушілер болып табылады, ал мердігерлер ақылға қонымды маржа қояды. 

2017 жылы филантроп және кәсіпкер Кеңес Рақышевтің отбасы қалаға сыйға тартқан Алматы қаласында 1200 оқушыға арналған лицей құрылысының сметалық құны белгілі. Жер және сыртқы инженерлік желілер — Алматы қаласы әкімдігінің үлесі. Мектеп 2016 жылы жеке құрылыс компаниясының күшімен салынған және 2017 жылы пайдалануға берілген. Ғимараттың құрылысына қосымша сатып алынған оқу жабдықтары, жиһаздар, асханаға арналған жабдықтар және басқа да мектеп мұқтаждықтарын қосып есептегенде, толығымен  дайын лицейдің сметалық құны 1,83 млрд теңгені құрады [2]. Бұл сандарды 2021 жылғы бағаларға келтіру үшін біз оларды 2016 жылдан бастап теңгеге доллар бағамының өсуіне пропорционалды түрде индекстейміз, өйткені негізінен барлық құрылыс материалдары импортталады. Тіпті жергілікті құрылыс материалдарының өндірісінде тұтынуға дайын өнімді шығару үшін импорттық компоненттердің көп бөлігін пайдаланады. Доллар бағамының теңгеге өсу тарихына сәйкес, 2016 жылмен салыстырғанда, ол 2021 жылы 22 %, ал 2022 жылы 35% құрады.

Осылайша, типтік лицей құрылысының ұқсас жобасы 2021 жылы 2,23 млрд теңгеге, ал 2022 жылы 2,47 млрд теңгеге шығар еді. Пайдалануға берілген лицей 1200 оқушыға есептелген, демек, бір оқушы орнын салу құны 2021 жылы 1,86 млн теңгені, 2022 жылы — 2,06 млн теңгені құрайды.

Келесі ақпарат көзі — BI Construction & Engineering бизнесті дамыту жөніндегі директоры Аян Зикириннің интернет-басылымға берген сұхбаты www.capital.kz [3]. 2021 жылдың 9 сәуірінде интернет-басылымның сайтында жарияланған мақалада ол BI Group компаниялар тобына тиесілі BINOM жеке мектебін салу құны туралы келесі деректерді хабарлады. 2000 орындық мектеп құрылысының құны 7,5 млрд теңгені құрады, оның ішінде: 5,7 млрд теңге – ғимарат құрылысы, 1,3 млрд теңге – технологиялық жабдық, 350 млн теңге – авторлық және техникалық қадағалау, 150 млн теңге – кітапхана қоры. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтті, бір шаршы метрдің құны 260 мың теңгені құрады, бұл типтік мектептер салу бағасына сәйкес келеді.

Осыдан ҚР-дағы ең жоғары стандарттар (НЗМ стандарттары) бойынша толық жабдықталған және жасақталған мектепте оқушы орнының өзіндік құны бір оқушыға 3,75 млн теңгені құрайды деген қорытынды жасауға болады.  НЗМ стандарттары бойынша 2000 адамға арналған мектеп құрылысына тапсырыс берудің нарықтық құнын анықтау үшін мердігердің құрылыс компаниясының 30% пайдасын қосамыз. Осылайша, НЗМ стандарттары бойынша салынған мектептің оқушы орнының нарықтық құны 2021 жылғы жағдай бойынша 4,88 млн теңгені және 2022 жылы — 5,41 млн теңгені құрауы тиіс, құрылыс материалдары құнының орташа өсуі 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы 11%-ды құрады (теңгеге қатысты доллар құнының өсуіне сәйкес бағамы). 

Бұдан әрі Аян Зикирин НЗМ стандарттары бойынша толық жабдықталған және жасақталған мектеп ұғымын түсіндіреді. Бұл мектепте кеңейтілген зертханалар, кинозал, ойын бөлмелері, смарт-сыныптар, шығармашылық эксперименттерге арналған 3D принтер, робототехника кабинеттері болуы керек. Мектеп кітапханасында ноутбуктер мен интерактивті үстелдер қарастырылған, ал мектеп аумағында жылыжайлар мен натуралистік аймақтар, беседкалар, work-out және спорт алаңдары салынған. Балалар қазақстандық және Финляндия, Ұлыбритания, Оңтүстік Кореяның озық халықаралық білім беру жүйелерінің интеграциясы болып табылатын бағдарламаларға сәйкес оқиды.

Осылайша, 2021 жылғы ашық ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша Қазақстанда жеке (мемлекеттік емес қаржыландыру) есебінен мектептерді салу және пайдалануға беруде бір оқушы орны құнының екі түрлі бағасы бар. Нәтижелер келесі кестеде келтірілген.

Толық жабдықталған және жарақталған мектептегі бір оқушы орнының құны  Мектеп мәртебесі  Ақпарат көзі
1,86 млн. тенге (2021 ж.) 2,06 млн. тенге (2022 ж.)  1200 оқушыға арналған типтік лицей Алматы қаласында жеке ақшаға салынған және қала муниципалитетіне сыйға тартылған. Лицей Алматы қаласының балансында тегін оқытатын мемлекеттік лицей мәртебесінде, бірақ жеке компания Ракишевтер отбасының қайырымдылық қаражатына салған.Ракишевтер отбасының «Сәби» қайырымдылық қорының Веб-сайты [2]
4,88 млн тенге (2021 ж.) 5,41 млн тенге (2022 ж.)НЗМ стандарттарына сәйкес келетін 2000 оқушыға арналған жеке мектеп (ҚР Білім беру стандарттарының ең жоғары деңгейі)Мектеп инвесторы өкілінің сұхбаты [4]   ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың депутаттық сауалға берген жауабы [5]

Енді мектеп құрылысын мемлекеттік қаржыландыру экономикасымен жағдай қалай екенін көрейік.

2021 жылы жаңа мемлекеттік мектептердің құрылысына жасалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының келісім-шарттары бойынша жасалған мемлекеттік сатып алу порталының деректерін талдау http://www.goszakup.kz келесі жағдайды көрсетті.

Бюджеттің жалпы құны бойынша Алматы облысында жаңа мектептердің нысаналы құрылысына (құрылыс-монтаждау жұмыстары) тендерлер өткізілді, онда бір оқушы орнының құны 1,69 млн теңгеден 11,68 млн теңгеге дейін ауытқиды. Алматы облысында 2021 жылы аяқталған екі байқауды қарастырайық:

1.      «Алматы облысы Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс тұрғын ауданының 8 шағын ауданында 1200 орындық мектеп салу» объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына № 5963484-1 Конкурс. Конкурстық комиссияның 2021 жылғы 28 шілдедегі хаттамасына сәйкес бағасы 2,031 млн. теңге болатын «Жөндеу-Құрылыс» ЖШС конкурс жеңімпазы болып анықталды;

2.      «Алматы облысы Сарқан ауданы Тополевка ауылында 25 орындық шағын орталығы бар 80 орындық мектеп құрылысы» объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына № 6379521-1 Конкурс. Конкурстық комиссияның 2021 жылғы 26 қазандағы хаттамасына сәйкес бағасы 771,25 млн теңге болатын «Құрылысшы — ТБС» ЖШС конкурс жеңімпазы болып анықталды.

Осы конкурстардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы құнын оқушылар санына бөле отырып, Тополевка ауылында 25 орындық шағын орталығы бар 80 орындық мектептің оқушы орнының құны 7,3 млн теңгені құрағанын және ол Алматы облысының Талдықорған қаласындағы 1200 орындық мектептің оқушы орнының 1,69 млн теңге құраған құнынан 4,3 есе қымбат екенін көреміз. 

Мектептің құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны, егер ол шалғайдағы ауылда салынса, қаладағы мектеп құрылысымен салыстырғанда қаншалықты өседі деген мәселені талдап көрейік.

Талдықорғанда 105 оқушыға арналған осындай мектеп салып жатырмыз делік.

Талдықорғанда 2021 жылы салынып бастаған 1200 оқушыға арналған мектепте бір оқушы орнының құны 1,69 млн теңгені құрады. Демек, 105 оқушыға шаққанда мектептің құны 177,45 млн теңгені құрауы тиіс.

Мұндай мектептің құрылысын Талдықорған қаласынан Алматы облысының Тополевка ауылына көшіру кезіндегі көлік шығындарын есептейміз. Талдықорған мен Тополевка ауылы арасындағы автомобиль жолының ұзындығы 190 км. Сарапшылардың бағалауы бойынша оқушылардың орташа санына есептелген типтік мектеп ғимаратының салмағы шамамен 2000 тонна. Толық тиелген 20 тонналық «Камаз»-бен жүк көлігін тасымалдау қызметтерінің құны 1 км үшін 0,5 $ құрайды. Сонда 20 тонна құрылыс материалын тасымалдау 95$-ға түседі, ал 100 «Камаз» жүк көлігі арқылы 2000 тонна жүкті тасымалдау 9500$ құрайды. Мұның бәрін бүкіл құрылыс процесінің жалпы көлік шығындарына және габаритті емес жүктерді тасымалдауға үлкен маржамен 20 000 $ (8,7 млн теңгеге) дейін ұлғайта аламыз.

Көріп отырғанымыздай, Тополевка ауылында осы мектептің құрылыс құны 177,45 млн теңгені + 8,7 млн теңгені = 186,15 млн теңгені құрауы тиіс еді, ал құрылыс-монтаждау жұмыстарына нақты өткізілген тендерге сәйкес келісімшарт құны 771,25 млн теңгені құрады. Осыдан Тополевка ауылындағы мектептегі бір оқушы орнының құны сол жылы Талдықорған қаласында салынатын мектептегі бір оқушы орнының құнынан 4,14 есе асады деген қорытынды жасауға болады.

Сондай-ақ, ауылда жұмыс күшінің (білікті — жергілікті емес), инженерлік сүйемелдеудің және т. б. құны қымбатырақ болатынын түсіну керек, бірақ тұтастай алғанда, мұның бәрі құрылыстың жалпы құнына шамамен 10-20% -ке өседі, бірақ, әрине, бірнеше есе емес!

2021 жылғы облыстық және республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жаңа мектептер салу тиімділігінің рейтингі

Өңірдің, республикалық маңызы бар қаланың атауыБір оқушы орнының құны бойынша диапазон млн. теңгемен, бір өңірдегі құнның ең жоғары – ең төмен мөлшеріБюджет қаражаты шығысының тиімділігі бойынша орын
Қостанай облысы2,23 – 1,721
Астана қаласы2,252
Маңғыстау облысы2,96 – 2,333
Павлодар облысы3,314
Батыс Қазақстан обл3,31 – 2,535
Ақтөбе обл4,08–2,246
Алматы қаласы4,12 – 3,927
Шығыс Қазақстан обл4,658
Түркістан обл4,7 – 0,899
Солтүстік Қазақстан обл4,7410
Атырау обл4,76 – 2,511
Қызылорда обл4,95 – 2,8312
Ақмола обл7,57 – 2,3213
Алматы обл11,68 – 1,9514
Шымкент қаласы14,515

Әкімдіктерді мемлекеттік бюджетті жұмсаудың тиімділігі бойынша саралау 2021 жылы жаңа мектептердің құрылысына құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу бойынша аяқталған мемлекеттік тендерлерде бір оқушы орнының құнына сәйкес жасалған. Әр өңірде мектеп салуға өткізілген тендерлердің қорытындысы бойынша жасалған шарттарға сәйкес бір оқушы орнының құны бойынша миллион теңгемен диапазон (максимум-минимум) көрсетілген. Салынып жатқан мектептегі бір оқушы орнының құны жасалған мердігерлік шартқа сәйкес мектеп құрылысы жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы құнын мектептегі жоспарланған оқушы орындарының жалпы санына бөлу арқылы есептелді.

Бұл объективті көрсеткіш нарықта, яғни жеке құрылыс компанияларының құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыратын және өткізетін әкімшілік мамандарының Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің тиімділігі қағидатын іс жүзінде қаншалықты сақтай алатынын көрсетеді. ҚР Бюджет кодексіне сәйкес тиімділік қағидатының мәні бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең жақсы тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және орындау болып табылады.

Ескерту: 2021 жылы Астана қаласында үш жаңа мектептің құрылысына 3 тендер өткізілді, оның ішінде бір мектептің құрылысы 1200 оқушыға арналған балабақша мен мектеп кіретін көпқабатты кешен құрылысының жалпы жобасына кірді, тағы бір 1200 оқушыға арналған мектептің жобасы аяқталмаған құрылысты аяқтау жобасы болып табылды. Сондықтан оқушы орнының құны бойынша орташа деректер тек 1200 оқушыға арналған бір мектептің жобасынан алынды.

Қазақстан әкімдіктерінің 2021 жылғы жаңа мектептер салуға мемлекеттік сатып алулар бәсекелестігінің рейтингі

Өңірдің, республикалық маңызы бар қаланың атауыЖаңа мектептер салу тендерлеріне қатысуға өтінімдердің орташа саныМемлекеттік сатып алулардың бәсекелестік деңгейі бойынша орны
Алматы қаласы141
Павлодар облысы92
Батыс Қазақстан облысы63
Солтүстік Қазақстан облысы64
Алматы облысы5,35
Түркістан облысы5,16
Қостанай облысы4,57
Маңғыстау  облысы4,38
Ақмола облысы49
Атырау облысы3,510
Астана қаласы3,411
Қызылорда облысы3,312
Актөбе облысы3,213
Шығыс Қазақстан облысы314
Шымкент қаласы215

Қазақстан әкімдіктерінің жаңа мектептер салуға мемлекеттік сатып алу бәсекелестігінің бұл рейтингі әкімдіктердің жаңа мектептер салу үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының барлық әлеуетті өнім берушілері үшін тең бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ету дәрежесін көрсетеді. «Цифрлық қоғам» ҚҚ тендерлерге қатысатын әлеуетті өнім берушілер арасындағы ашық, барынша инклюзивті және адал бәсекелестік арқылы ғана мемлекеттік тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің бағасы мен сапасы бойынша ең жақсы ұсынысқа қол жеткізе алады деп есептейді. Сондықтан «Цифрлық қоғам» ҚҚ сарапшылары әрбір әкімдік жүргізетін сатып алулардың бәсекелестік рейтингінің нақты және қарапайым критерийі ретінде осы өңірдегі мектеп құрылысының тендерлеріне қатысуға өтінімдердің орташа санын ұсынды. Бұл көрсеткіш әрбір өңір немесе қала үшін өткізілген сатып алулардың жалпы санын тиісті өңірдің, қаланың барлық жаңа мектептерін салу конкурстарына қатысуға берілген өтінімдердің жалпы санына бөлу арқылы есептеледі.

2021 жылы жаңа мектептер салуға ең ірі мемлекеттік тапсырыстардың 10 алушысының рейтингі

Компанияның атауыАлынған мемлекеттік тапсырыстардың көлемі, млрд. теңгемен2021 жылғы жаңа мектептер салуға мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлеміндегі үлесі
«BiGlobal» ЖШС БИН 03124000143932,0524,4 %
«KAZPACO» ЖШС  (КАЗПАКО) БИН 01124000148521,7516,6 %
«Оңдасын Строй» ЖШС БИН 0604400098006,745,1 %
«Корпорация АҚ ордасы» ЖШС  БИН 0603400036596,655 %
«SCS Инжиниринг» ЖШС БИН 0605400053865,64,3 %
«Құрылысшы — ТБС» ЖШС БИН 0304400009305,193,95 %
«БатысАльянсСтрой» ЖШС БИН 0210400041474,673,56 %
«СП «NEFT» ЖШС  БИН 0505400060953,452,63 %
«Гунн Строй сервис» ЖШС   БИН 0602400029852,341,78 %
«НҰР-ШАПАҒАТ-ҚҰРЫЛЫС» ЖШС БИН 0612400015432,151,64 %

Көріп отырғанымыздай, 2021 жылы жаңа мектептер салудың мемлекеттік тапсырыс нарығында екі компания басым: «BiGlobal» ЖШС және «KAZPACO» ЖШС, жиынтығында нарықтың үлкен үлесін — 41% иеленген, бұл нарықтың осы сегментінде бәсекелестікті шектеу тәуекелдерін тудыратыны анық. 

Екі компания да BI Group холдингіне кіретінін ескеріңіз.

        Бұл рейтинг мектеп құрылысына мемлекеттік тапсырыс нарығын жеткізушілердің шоғырлану дәрежесін көрсетеді. Осы мемлекеттік тапсырыс нарығының ең үлкен мемлекеттік тапсырыстарды алған он мердігермен қамтылған үлестері есептелген.

Қазақстанда құрылыс бизнесі дамығанын және типтік мемлекеттік мектептің құрылысы бірегей күрделі инженерлік жоба болып табылмайтынын ескерсек, мемлекеттік тапсырыс нарығының елеулі үлесін алатын ірі құрылыс компанияларының үстемдігі мектеп құрылысының мемлекеттік тапсырыс нарығында бәсекелестікті шектеу тәуекелдерінің болуын білдіреді. Мемлекеттің бизнес үшін бәсекелестік ортаны қамтамасыз етуі нарықтық экономиканы дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаты болып табылады, сондықтан бәсекелестікті шектеуге ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының және ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті баптарымен тыйым салынады. 

2021 жылы Алматы облысының әкімдігі өткізген жаңа мектептердің құрылысына арналған тендерлердің ішінде 11,68 млн теңге көлеміндегі ең қымбат оқушы орны (құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны) екі жобада болды, бұл жобаларда мектептер құрама (тез салынатын модульдік) конструкциялар технологиясы негізінде салынатын болады.

       Алматы облысының әкімдігі екі тендер өткізді:

1.      Алматы облысы Панфилов ауданы Бөрібай Би ауылында құрастырмалы (тез салынатын модульдік) конструкциялардан 110 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп салу. Мемлекеттік сатып алу порталындағы Хабарландыру нөмірі: № 6354310-1;

2.      Алматы облысы Жамбыл ауданы Көкдала ауылында құрастырмалы (тез салынатын модульдік) конструкциялардан 110 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп салу. Мемлекеттік сатып алу порталындағы Хабарландыру нөмірі: № 6354310-1.

Екі байқау да 2021 жылдың 5 қарашасында аяқталды, оларға тек екі компания қатысты: «KAZPACO» ЖШС және «Bazis Construction»ЖШС. Бірінші байқауда бірінші компания жеңіске жетті, екіншісінде, тиісінше, екінші. Бірінші компания BI Group компаниялар тобына, ал екіншісі — Базис-А компаниялар тобына кіреді.

Осы екі конкурс бойынша смета мен техникалық-экономикалық негіздеме мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылмаған. Тек техникалық сипаттамалар жарияланды, олардың әрқайсысы жалпы ауданы 1589 м2 болатынын және 110 оқушыға арналған темірбетон конструкцияларынан салынатындығын көруге болады. Сондай-ақ, бұл мектептер мүгедек балаларға арналғаны, әр мектепте 10 оқушыға арналған 11 сынып болатыны туралы мәлімет берілген.

Егер мұндай мектеп НЗМ стандарттары бойынша салынса, онда оның жалпы құны 536,8 млн теңгені құрайтын еді. Алматы облысының әкімдігі мердігермен мектеп салуға (құрылыс-монтаждау жұмыстарына) 1284 млн. теңге сомасына келісімшарт жасасты. Осылайша, бұл мектептің құны  жоғары стандарттары бойынша 110 оқушыға арналған мектеп салу бюджетінен 2,39 есе қымбат болды.

2021 жылы мектеп құрылысының ең қымбат жобасы Шымкентте салынып жатқан 500 оқушыға арналған оқушылар Сарайы болып шықты (жалпы білім беретін мектеп, сметасына қарағанда Сарай мәртебесін талап етсе де), онда 2021 жылдың 22 қазанындағы өткізілген тендерде BiGlobal (BI Group құрамына кіретін) құрылыс компаниясы жеңіске жетті. Мемлекеттік сатып алу порталындағы хабарландыру нөмірі: № 6329148-2. Мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған конкурстың қорытындысы бойынша бір оқушы орнының құны 14,5 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылы ҚР мектептерінің құрылысына барлық тендерлер арасында оқушы орнының құны бойынша рекорд болып табылды.

Бұл тендерге BI Group холдингіне кіретін екі компания және «BAZIS-A»компаниясы қатысты. Конкурсты мәлімделген сомадан 5% жеңілдікпен «BiGlobal» ЖШС жеңіп алды.

Құрылысына BI Group-пен келісімшарт жасалған Шымкент қаласының оқушылар сарайында оқушы орнының осындай жоғары құны неден туындады? Мүмкін, қымбат сапалы материалдар немесе ғимараттың биіктігі құрылыстың қымбаттауына қатты әсер еткен болар? Тендерлік құжаттамада оқушылар Сарайының құрылыс алаңы – 3270 м2, үш қабат. Оқушылар сарайы тек 500 оқушыны оқытуға арналған.

BI Group менеджерінің жоғарыда аталған бағалауларына сәйкес, Binom мектебінің оқушы орнының құны 4,88 млн теңгені құрайды, бұл НЗМ стандарттарын, яғни ең жоғары білім беру стандарттарын  қанағаттандырады. Бұл оқушылар сарайын салу бюджеті  НЗМ стандарттары бойынша салынған BI Group мектебін салу бюджетінен 2,97 есе қымбат екенін білдіреді (!) BI Group-тың өзінде!

Осы тендер сметасының бөлімдерін жедел талдау «Инженерлік желілер» және «Оқу жабдықтары» бөлімдерінде үлкен асыра сілтеулерді анықтады. Сметалық құжаттаманың бұл бөлімдері техникалық скрининг үшін ыңғайлы, өйткені оларда кейбір өнімдер бойынша өндірушінің ID нөмірлері бар нақты техникалық сипаттамалар берілген.

Төменде кестеде Шымкент қаласындағы Оқушылар сарайының жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілген бұйымдарға жоғары бағалардың мысалдары көрсетілген. Осы жобаның жобалау-сметалық құжаттамасындағы тауарлардың бағалары бойынша салыстырмалы талдау 2021 жылғы бағалар бойынша жүргізілді, яғни салынып жатқан Оқушылар сарайының конкурсы өткізілген уақытта.

Сатып алынған тауарларСметадағы құнБаламалы ақпарат көздеріТүсініктемелер
S5735-L24P4x-А1 Huawei1 228 392 теңгеКоммутатор Huawei S5735-L24P4X-A1 99158 рубль  /1350 АҚШ доллары https://bouz.ru/catalog/s5700/kommutator_huawei_s5735_l24p4x_a1/ 590 867 теңгеДилердің сайтында жарияланған бөлшек сауда бағасынан 2,07 есе артық  
Ажыратқыш 2P 16A C, A9F79216 Schneider Electric30 362 теңгеАжыратқыш Schneider Electric Acti 9 iC60N C 16A 2P A9F79216 1 437 рубль = 8 388 теңге https://rushop.se.com/avtomaty-i-shchitki/avtomaticheskie-vyklyuchateli/avtomaticheskiy-vyklyuchatel-schneider-electric-acti-9-ic60n-c-16a-2p-a9f79216.htmlӨндірушінің интернет-дүкеніндегі бөлшек бағамен салыстырғанда 3,6 есе жоғары  
Ажыратқыш 1P 2AV, A9F73102 Schneider Electric53 379 теңгеАжыратқыш автоматты бір полюсті iC60N 2A B 6ka / A9F73102 Schneider Electric 2 453.40 рубль = 14321,82 теңге https://e-kc.ru/cena/avt-vyklic60n-1p-2a-b-schneider-electric-a9f73102Өндірушінің интернет-дүкеніндегі бөлшек бағамен салыстырғанда 3,7 есе жоғары
A9A15310 Schneider Electric DIN рельсіндегі розетка18 860 теңгеSCHNEIDER ELECTRIC IPC РОЗЕТКА НА DIN-РЕЙКУ 2П+T 16A 250В A9A15310 974 рубль/дана = 5685 теңгеӨндірушінің интернет-дүкеніндегі бөлшек бағамен салыстырғанда 3,3 есе жоғары Өндіруші дилердің интернет-дүкеніндегі бөлшек бағамен салыстырғанда 2,2 есе жоғары  
Байланыс интерфейсі Acti 9 Smartlink 9XMSB11 Schneider Electric512 688 теңгеhttps://schneider-24.ru/product/acti-9-smartlink-interfeys-svyazi-razem-modbus-pitaniya-24v-krep-multiclip-80/ 39 660 рубль/дана = 231701 теңгеӨндіруші дилердің интернет-дүкеніндегі бөлшек бағамен салыстырғанда 2,2 есе жоғары  
Конференц-жүйе (1 Төраға пульті + 9 делегат пульті)9 974 395 тенге (22 тысячи 971 доллар США)10 ПУЛЬТКЕ АРНАЛҒАН VDG КОНФЕРЕНЦ-ЖҮЙЕСІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫ 1 035 700 теңге https://bit1.kz/p54133943-komplekt-konferents-sistemy.htmlАстана қаласындағы сауда компаниясының сайтында жарияланған бағамен салыстырғанда 9,6 есе жоғары. Бұл конференц-байланыстың мұндай жоғары құны сметалық құжаттамадағы жабдыққа қойылатын техникалық талаптарда негізделмеген
Ауыстырылатын линзалармен, аккумулятормен және жарқылмен жабдықталған камералар-1 жиынтық  14 053 667 тенге (32 тысячи 367 долларов США)Бұл позицияда нақты ерекшеліктер жоқ, бұл кез-келген бөлшек сауда дүкенінде 2 миллион теңге мөлшерінде бюджетті пайдаланып, осындай жиынтықты оңай жасауға мүмкіндік бередіОрташа есеппен, стандартты фототехника жиынтығының құнынан 7 есе артуы мүмкін. Фототехника жиынтығының мұндай жоғары құны сметалық құжаттамадағы жабдыққа қойылатын техникалық талаптарда негізделмеген
Пневматикалық және электрлік схемотехника, релелік логика, өнеркәсіптік контроллерлерді бағдарламалау және мехатроника негіздерін оқыту бойынша оқу стенді. Нұсқаулықпен және оқу құралымен толықтырылған      23 354 614 тенге  Екі жақты оқу стендінің құны: did-BASE-2t-2R12-2P2E, camozzi итальяндық концерні өндірісі, өнеркәсіптік пневматика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – 9 188 070 теңге.(бағасы әрлеуге байланысты өзгеруі мүмкін). Стендтің бағасы «Камозци пневматик Қазақстан» ЖШС-мен 30.11.2021 ж. ұсынылған, КАМОЗЗИДІҢ барлық оқу стендтері корпоративтік ғылыми-техникалық орталық әзірлеген «Барлығына арналған Пневматика» әдістемелік құралымен және 2 нұсқада зертханалық жұмыстармен сүйемелденеді: оқытушы үшін (шешімдермен) және оқушылар үшін (тиісінше шешімдерсіз)CAMOZZI компаниясының қымбат премиум сапа стендімен салыстырғанда 2,5 есе жоғары. Сметада жоғары сапаға кепілдік бере алатын оқу стендінің техникалық сипаттамалары жоқ, сондықтан өте арзан бағамен әлдеқайда төмен сапалы стенд сатып алу қаупі бар

2022 ЖЫЛҒЫ ЖАҢА МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

2022 жылдың алғашқы 9 айында облыстардың және Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жаңа мектептер салу тиімділігінің рейтингі

Өңірдің, республикалық маңызы бар қаланың атауыБір оқушы орнының құны бойынша диапазон, млн. теңгемен, бір өңір бойынша ең жоғары – ең төмен құныБюджет қаражаты шығысының тиімділігі бойынша орны
Маңғыстау облысы2,96 – 1,41
Павлодар облысы3,55 – 2,22
Батыс Қазақстан облысы4,24 – 2,993
Қостанай облысы4,244
Қызылорда облысы5,03 – 1,495
Жамбыл облысы5,07 – 1,526
Астана қаласы5,11–3,097
Шығыс Қазақстан облысы5,18–3,448
Солтүстік Қазақстан облысы5,51 – 3,229
Шымкент қаласы5,79–1,7210
Алматы облысы5,95 – 2,211
Ақтөбе облысы6,22 – 1,7712
Қарағанды облысы6,36 – 3,3613
Түркістан облысы6,43 – 1,4714
Ақмола облысы7,57 – 1,7715
Атырау облысы8,01 – 3,0216
Алматы қаласы11,97 – 2,4617

Қазақстан әкімдіктерінің 2022 жылдың алғашқы 9 айындағы жаңа мектептердің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алуларының бәсекелестік рейтингі

Өңірдің атауыЖаңа мектептер салу тендерлеріне қатысуға өтінімдердің орташа саныМемлекеттік сатып алулардың бәсекелестік деңгейі бойынша орны
Алматы қаласы151
Кызылорда облысы6,62
Маңғыстау облысы5, 63
Шымкент қаласы5,64
Түркістан облысы5,55
Астана қаласы5,56
Карағанды облысы5,37
Алматы облысы5,38
Акмола облысы5,29
Жамбыл облысы510
Атырау облысы511
Батыс Қазақстан облысы512
Павлодар облысы413
Актөбе облысы2,914
Шығыс Қазақстан облысы315
Солтүстік Қазақстан облысы2,516
Қостанай облысы117

2022 жылы жаңа мектептердің құрылысына 10 ең ірі мемлекеттік тапсырысты алушының рейтингі

Компания атауыАлынған мемлекеттік тапсырыстар, млрд. теңгемен2022 жылдың 9 айында жаңа мектептер салуға мемлекеттік тапсырыстардың жалпы көлеміндегі үлесі
«KAZPACO» ЖШС (КАЗПАКО) БИН 01124000148532,9414 %
«BiGlobal» ЖШС БИН 03124000143916,146,7 %
«ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС БИН 06094000159612,385,3 %
«Корпорация АҚ ЖШС ордасы» БИН 06034000365910,994,7 %
 «SHEBERBUILD» ЖШС БИН 0702400176487,473,2 %
«СП «NEFT»  ЖШС БИН 0505400060957,43,2 %
«Альянс LTD»  ЖШС БИН 9807400017397,333,1 %
«Еврострой-А»  ЖШС БИН 0202400004267,313,1 %
«БатысАльянсСтрой» ЖШС БИН 0210400041477,133%
«Оңдасын Строй» ЖШС БИН 0604400098006,22,6 %

Көріп отырғанымыздай, 2022 жылы мектептер құрылысына мемлекеттік тапсырыстар нарығында «KAZPACO» ЖШС және «BiGlobal» ЖШС компанияларының үстемдік дәрежесі 20,7% құрап, жалпы нарықта үлестері төмендеді, бұл 2021 жылғы деректер бойынша олардың 41% көлеміндегі біріктірілген үлесінен екі есе дерлік аз. 

 Біз бұл 2022 жылы әкімдіктер мектептерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде ашықтық және бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету бағытында мектеп құрылысын сатып алу процесін мемлекеттік басқару сапасының жақсарғанын жанама түрде айғақтайтын оң сигнал деп санаймыз.

Осыған қарамастан, BI Group холдингіне кіретін осы екі компанияның 20,7% көлемінде нарық үлесін иеленуі қоғамдық бақылаушыларға жаңа мектептер құрылысының мемлекеттік тапсырыс нарығында бәсекелестікті шектеу қаупі болмауына 100% кепілдік бермейді. 

2021 жылы және 2022 жылдың тоғыз айында жаңа мектептер салу бойынша жұмыстарды ең қымбат мемлекеттік сатып алу

Жобаның атауы  АймақОқушы орнының құны, млн. теңгеменЖеткізуші
Шымкент қаласындағы Нұрсат микро-ауданындағы Оқушылар сарайының құрылысы (жалпы білім беретін мектеп), 500 орынШымкент қаласы14,5 «BiGlobal» ЖШС  БИН 031240001439
«Алматы қаласының Наурызбай ауданында мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы «КММ» Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасы » үшін, 675 орын  Алматы қаласы11,97«BiGlobal» ЖШС  БИН 031240001439
«Алматы қаласының Алатау ауданында мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы «КММ» Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасы » үшін, 675 орынАлматы қаласы11,97 «BiGlobal» ЖШС БИН 031240001439
Алматы облысы Панфилов ауданы Бөрібай Би ауылында құрама (тез салынатын модульдік) конструкциялардан 110 білім алушыға арналған жалпы білім беретін мектеп салуАлматы облысы11,68«Bazis Construction»  ЖШС БИН 980540001197
Алматы облысы Жамбыл ауданы Көкдала ауылында құрама (тез салынатын модульдік) конструкциялардан 110 білім алушыға арналған жалпы білім беретін мектеп салуАлматы облысы11,68 «KAZPACO» ЖШС (КАЗПАКО)  БИН 980540001197
«Алматы облысы Сарқан ауданы Тополевка ауылында 25 орындық шағын орталығы бар 80 орындық мектеп құрылысы» объектісі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары, 125 орынАлматы облысы8,1ТОО «Құрылысшы -ТБС» ЖШС   БИН 030440000930
Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Бұланды ауылында Б. Момышұлы көшесі № 65, 80 орындық мектеп салуАкмола облысы7,6«Ер-Қанат Сервис» Құрылыс компаниясы» ЖШС   БИН 110840000328
Ақмола облысы Целиноград ауданы Жаңажол ауылында 80 орындық мектеп салуАкмола облысы7,3«Ер-Қанат Сервис» Құрылыс компаниясы» ЖШС   БИН 110840000328
«Алматы облысы Көксу ауданы Бесқайнар ауылында 25 орындық шағын орталығы бар 120 орындық орта мектеп құрылысы» объектісі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары, 145 орынАлматы облысы7,3 «AK Construction Company» ЖШС БИН 040440006426

2022 жылдың екінші жартысында БАҚ сапасыз салынған жаңа мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің проблемалары туралы мәселені белсенді көтере бастады. БАҚ мәліметтері бойынша Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Түркістан облыстары сапасыз салынған мектеп ғимараттарының саны бойынша көшбасшы болды.

«31 арна» 2022 жылдың қыркүйегіне қарай Қазақстанда іргетасы құлаған және қабырғалары жарылған 33 апатты мектеп болғанын хабарлады. Сондай-ақ, аталған арна Қазақстанда тендер ұтып, мемлекеттік ақшаға сабақ өткізу мүмкін емес ғимараттар салатын көптеген мердігер компаниялар бар екенін анықтады.

Осылайша, 2022 жылдың қыркүйегіне қарай ҚР Білім министрлігінде облыс әкімдіктерінің жаңа мектептер салу жөніндегі ұлттық бағдарламаны іске асырудағы кемшіліктер нақтыланды [6]. 

Бұл:

— мектеп салу кезінде сапасыз материалдарды пайдалану, бұл 3-5 жылдан кейін күрделі жөндеуді қажет етеді;

— мектептерді жабдықтармен жарақтандыру жалпы жобалық құнның шамамен 4-10% құрайды;

— құрылысты уақтылы қаржыландырмау мәселесі құрылыс нысандарының құнының қымбаттауына, ұзақ құрылыстардың пайда болуына, құрылыс материалдарының тозуына әкеледі.

Мектептер құрылысы бойынша жобаларды тиімсіз іске асырудың барлық осы жинақталған мәселелері, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істеп тұрған үш ауысымды, апатты, тозығы жеткен мектептердің саны тым көбеюі Мемлекет басшысының назарына ілігіп,  2022 жылдың 28 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің отырысы осы мәселелерді шешуге арналды.

Отырысқа қатысушылар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын әзірлеуді талқылады, оның мақсаты — оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесін жүйелі шешу және орта білім алу үшін қалыпты жағдай жасау.

Жобаны іске асыру 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Ұлттық жобаны іске асыруға Ұлттық қор қаражатынан 2,6 трлн. теңге бөлінді.

ҚР Үкіметі мердігерлермен шарттарды іріктеуді және жасасуды, мектептердің құрылысын бақылауды және ЖАО-ға (жергілікті атқарушы органдарға) беруді жүзеге асыратын бірыңғай ұйым ретінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-н белгілеуді ұсынды.

Осы отырыста ҚР Президенті Үкіметтің, Қаржы министрлігінің және Есеп комитетінің басшылары мен қызметкерлерінің жаңа мектептер салу бағдарламасын іске асырудағы тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін жария түрде айқындап, еліміздің атқарушы билік органдары әрбір теңгені мақсатына қарай пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс және бұл үшін олардан ерекше сұраныс болады деп атап өтті [7].

ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР

Өткізілген конкурстардың жобалау-сметалық құжаттамасын талдау

Құрылыс келісімшарттарындағы сыбайлас жемқорлық схемаларының тәуекелдері ұқсас жобалармен салыстырғанда материалдардың, жабдықтар мен жұмыстардың қымбаттауы кезінде, өте аз және әлсіз бәсекелестік жағдайында пайда болатыны белгілі (тендерге қатысушылардың саны екеу ғана, олар көбінесе бір компания болып шығады). Бағаны көтерудің кең таралған тәсілдерінің бірі — техникалық сипаттамалардың дәлсіздігі мен бұлыңғырлығы, бұл қымбат, жоғары сапалы материалдар мен жабдықтардың бағасымен ең арзан аналогтарды сатып алуға мүмкіндік береді.

Сметаларды талдау жобалау институттарының баға белгілеу бөлігінде жаңа мектептер салудың жобалау-сметалық құжаттамасын жасауы бойынша өте әртекті жағдайды көрсетті. Кейде сметалар құрылыс компаниясының ақылға қонымды нарықтық маржасын ескере отырып, ағымдағы нарықтық бағаларға сәйкес келеді. Бұған куә — Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы тендерінде 1,77 млн теңге көлеміндегі бір оқушы орнының құны. Кейде сол жылы сол әкімдіктің басқа тендерлік құжаттарында бұл көрсеткіш бірнеше есе артады. Мүмкін, бұл бағалар объектіні салудың объективті күрделілігіне немесе нақты нарықтық факторларға байланысты асыра бағалануы мүмкін, бірақ мұндай жағдайлардада  сол жоғары бағалардың негіздемелері болуы керек.

Мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған тендерлік құжаттаманы талдау кезінде біз техникалық сипаттағы проблемаларға тап болдық — техникалық құжаттама бүлінген және ашылмайды немесе толық емес – толық болмаса жарым-жартылай жасалған смета жоқ болып шықты. Мұндай құжаттаманы талдау мүмкін болмады. Төмендегі кестелерде осындай сатып алулардың мысалдары келтірілген.

1-мысал. Құжаттар бар, бірақ ашылмайды – екі сатып алу бойынша бірдей мәселе.

Сатып алу №Сатып алу атауыОрындар саныҚҚС-сыз шарт сомасы, теңгеменҚҚС-сыз 1 орын сомасы, теңгеменСатып алу басталған күнҚатысушылар саныЖеңімпаз
6385915-1«Алматы қаласының Алатау ауданында мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы «КММ»Алматы қаласының «Жайлы қалалық орта» Басқармасы» үшін6758  054 605 639,40  11 932 749,1002.11.2021 19:044 «BiGlobal»  ЖШС БИН 031240001439
6386036-1«Алматы қаласының Наурызбай ауданында мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы «КММ»Алматы қаласының «Жайлы қалалық орта» Басқармасы» үшін6758 081 501 831,35 11 972 595,3102.11.2021 19:055 «BiGlobal» ЖШС   БИН 031240001439

2 — мысал. Смета бар, бірақ толық емес (5 беттен 12 бетке дейін)

сатып алу №сатып алу атауыОрындар саныҚҚС-сыз шарт сомасы, теңгеменҚҚС-сыз 1 орын сомасы, теңгеменҚатысушылар саныЖеңімпаз
5289551-2

Лоттар: 1
«Алматы облысы Іле ауданы Көкқайнар ауылында 1500 орындық орта мектеп құрылысы»объектісі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары1 5004 214 916 414,902 809 944,285 «BiGlobal» ЖШС БИН 031240001439
5289606-2

Лоттар:: 1
«Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылдық округі, Ұзынағаш ауылында 1500 орындық орта мектеп салу» объектісі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары1 5003 953 981 793,602 635 987,865 «BiGlobal» ЖШС БИН 031240001439
5289622-2

Лоттар: 1
«Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында 1500 орындық орта мектеп құрылысы» объектісі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары1 5003 850 562 763,902 567 041,846 «BiGlobal» ЖШС БИН 031240001439
5289634-2

Лоттар:: 1
«Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында 1500 орындық орта мектеп құрылысы»объектісі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары1 5003 894 874 562,702 596 583,046«BiGlobal» ЖШС БИН 031240001439
5289649-2

Лоттар: 1
«Алматы облысы Іле ауданы Медереченск ауылында 1500 орындық орта мектеп құрылысы»объектісі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары1 5003 965 069 781,902 643 379,855 «BiGlobal» ЖШС   БИН 031240001439
5289657-2

Лоттар:: 1
«Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінде 1500 орындық орта мектеп құрылысы»объектісі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары1 5003 875 271 512,402 583 514,3411 «BiGlobal» ЖШС БИН 031240001439

3-мысал: Сметалық құжаттама жоқ, Алматы облысының құрылыс Департаментінде смета алу үшін «Цифрлық қоғам» қоғамдық қорынан Талдықорған қаласына келуді сұрады

Сатып алу №Сатып алу атауыОрындар саныҚҚС-сыз шарт сомасы, теңгеменҚҚС-сыз 1 орын сомасы, теңгеменӨтінімдер саныЖеңімпаз
6354310-1

Лоттар: 1
Алматы облысы Панфилов ауданы Бөрібай Би ауылында құрама (тез салынатын модульдік) конструкциялардан 110 білім алушыға арналған жалпы білім беретін мектеп салу  1101 284 500 000,0011 677 272,732«Bazis Construction» ЖШС БИН 980540001197
6354542-1

Лоттар: 1
Алматы облысы Жамбыл ауданы Көкдала ауылында құрастырмалы (тез салынатын модульдік) конструкциялардан 110 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп салу1101 284 500 000,0011 677 272,732«KAZPACO» ЖШС (КАЗПАКО)   БИН 980540001197

Қазақстан әкімдіктерінің жоғарыда аталған жаңа мектептер салу жөніндегі жұмыстарды сатып алу конкурстарын ұйымдастыруы ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 21-бабын бұзады. Заңның осы бабына сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық спецификация, жобалау-сметалық құжаттама және оған ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы болуға тиіс.

 Сондай-ақ, көптеген сметаларда мемлекеттік сатып алу туралы Заңы талабына қарсы белгілі бір өндірушінің тауар маркасының атауы көрсетілген. Жаңа мектептер салу жұмыстарын сатып алу бойынша барлық тендерлер жұмыс істеп жатқан мектепте жабдықты қосымша жинақтауды көздемейтіндіктен, модельді немесе өндіруші фирманы көрсету мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 21-бабына қайшы келеді.

21-бап. Конкурстық құжаттама, 3-тармақ [9]:

Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің санын шектеуге әкеп соғатын мемлекеттік сатып алу шарттарын белгілеуге тыйым салынады, оның ішінде осы Заңда көзделмеген жағдайларда:

1) әлеуетті өнім берушілерге сандық өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгіленсе;

2) тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар шығарылған жердің атауы мен өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқамалардың, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мынадай жағдайларын қоспағанда,:

— негізгі (орнатылған) жабдықты, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) толықтыру, жаңғырту және жете жарақтандыру үшін;

— тауарды лизингке беру үшін қызметтерді жеткізушіні айқындау және лизинг нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттілігі туындаған жағдайда;

— тапсырыс берушіде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін».

Мысал ретінде — «Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Б.Момышұлы көшесі, 65 мекенжайы бойынша Бұланды ауылында 80 орындық мектеп салу» объектісіне смета.

Техникалық құжаттамада және сметада толық сипаттама мен техникалық сипаттамалар жоқ, осы себепті сатып алынатын тауардың бағасы негізсіз көтерілген.

Тағы бір мысал ретінде «Нұрсат шағын ауданында (жалпы білім беретін мектеп) Шымкент қаласында Оқушылар сарайының құрылысы»объектісінің сметасын келтіруге болады.

Сметада құны 7 047 857,14 теңге тұратын «АРХиТАС «композиттік мәрмәр тастан жасалған жеке дайындалған орындық, тіреу орындықтарына арналған жабын элементтері (сопақша), түсі ақ, ҚДП ағаш төсемі бар» және осындай орындықтар 4 дана көрсетілген. Өлшемдер мен нақты сипаттамалар болмағандықтан, бюджет қаражаты есебінен мұндай сатып алудың орындылығын объективті түрде бағалау мүмкін емес.

Сондай-ақ, сметада «6,1 х 6,1 м платформасы бар 5 х 5 м бокс рингін, 1 м. Спорттық-жаттығу моделін» сатып алу бойынша дерек бар.  Тіректері бар рингпен салыстырғанда ерекшелігі — тез бөлшектеу және қайта құрастыру мүмкіндігі. Созылу рингін көп функциялы залда қолдануға болады, өйткені бөлшектегеннен кейін бекіту орындарында еден бетімен бірдей орнатылған шағын болат құрылысы ғана қалады. Бірақ, сонымен бірге, рингтің  бұл моделіне құны 3 142 260,00 теңге болатын тіректердегі рингке қарағанда көбірек орын қажет. Нақты сипаттамалар көрсетілгендіктен, нарықта бағаны табу қиын емес, ұқсас сипаттамалары бар осындай рингті 1 725 000 теңгеге сатып алуға болады. Осылайша, сметалық құн мен нарықтағы құн арасындағы айырмашылық 1 417 260 теңгені құрайды.

Жаңа мектептер құрылысын мемлекеттік сатып алу кезіндегі негізгі тәуекел-индикаторлар (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары)

Сапасыз құрылыс пен бюджет қаражатын орынсыз жұмсаудың басты проблемасы әрқашан сыбайлас жемқорлық болды. Өкінішке орай, құрылыс саласы да бұл жағдайдан тыс емес, бірақ мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің құрылысы сияқты әлеуметтік маңызды объектілер үшін біз мемлекеттік басқару практикасы, ағымдағы нормативтік-құқықтық базадағы олқылықтар және тапсырыс берушілер мен жеткізушілердің алаяқтық әрекеттерін тудыратын барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоқ қылу үшін бәрін жасауымыз керек.

Жобалау және материалдарын қолдану сатысында сапасыз құрылыс балалардың өміріне қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін біз құрылысты бастау туралы шешім қабылдаудан, жеткізушіні таңдаудан, онымен шарт жасасудан бастап, салынған мектепті қабылдағанға дейін мемлекеттік сатып алуды өткізудің барлық кезеңдерін барынша ашық және жұртшылыққа қолжетімді етуге тырысуымыз керек. Әрбір ата-ана баласы баратын жаңа мектеп қауіпсіз екенін білуі керек.

2021-2022 жылдардағы жаңа мектептер құрылысын мемлекеттік сатып алу шарттары мен хаттамаларын талдай отырып, біз сыбайлас жемқорлықтың ең жиі кездесетін тәуекел-индикаторларын анықтадық:

  1. Негізгі шарт жасалғаннан кейін барлық дерлік жеткізушілерде кем дегенде үш қосымша келісім бар және бұл өзгерістердің барлығы шарт жасалғаннан кейін бір айдан кейін басталады. Кейбір шарттарда объектіні тапсыру және төлеу мерзімі ғана өзгереді. Басқаларында негізгі шарттың сомасы артады. Мысалдар төмендегі кестеде келтірілген;
  2. Сметадағы тауарлар мен материалдардың құны артық көрсетілген;
  3. Бәсекесіз өткізілген байқау. Мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік маңызы бар объектілер бойынша құрылыс жұмыстарын сатып алу жақсы және сапалы құрылыс үшін барынша бәсекелестік жағдайда болуы тиіс;
  4. Мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс жобасы және смета сияқты негізгі техникалық құжаттаманың болмауы, бұл мемлекеттік сатып алу туралы Заңның бұзылу фактісі болып табылады;
  5.        5. Құжаттар бар жағдайда техникалық құжаттаманың дұрыс жүктелмеуі, белгісіз сипаттағы қателерге байланысты компьютерлік құрылғылардың бірде-біреуінен  ашылмауы.

Тәуекел-индикаторлары бар мемлекеттік сатып алулардың мысалдары

Сатып алу №Сатып алу атауыОрындар саныҚҚС-сыз шарт сомасы, теңгеменҚҚС-сыз 1 орын сомасы, теңгеменСатып алудың басталу күніЖеңімпазСатып алу түріТүсініктемелер
5279996-1«Алматы қаласының «Жайлы қалалық орта басқармасы» КММ үшін Алматы қаласы Алатау ауданының» Томирис «шағын ауданында (Трудовик) 1500 орындық мектеп салу»15006 180 241 274,404 120 160,85 23.12.2020 09:00 «KAZPACO» ЖШС (КАЗПАКО) БИН 011240001485АТК      1. Негізгі шарт пен қосымша шарт арасындағы айырмашылық: 1 990 498 819 теңге (ҚҚС есебімен). 2. Шарт қайта жасалды және 7 рет ұзартылды, соңғысы – 15.02.2022 ж.  
5279994-1«Алматы қаласының «Жайлы қалалық орта басқармасы» КММ үшін Алматы қаласы Алатау ауданы «Саялы» шағын ауданында 1800 орындық мектеп салу» қайта мемлекеттік сатып алу18007 221 471 595,89 4 011 928,6623.12.2020 09:00«KAZPACO» ЖШС (КАЗПАКО) БИН 011240001485АТК  1.Негізгі шарт пен қосымша шарт арасындағы айырмашылық: 2 126 069 004 теңге (ҚҚС есебімен). 2. Шарт 8 рет қайта жасалды және ұзартылды, соңғысы -14.02.2022 ж.                   
5279981-1«Алматы қаласы Наурызбай ауданының Қалқаман-2 шағын ауданында «Алматы қаласының «Жайлы қалалық орта басқармасы» КММ үшін 1800 орындық мектеп салу» қайта мемлекеттік сатып алу18007 063 951 139,13 3 924 417,3023.12.2020 09:00«KAZPACO» ЖШС (КАЗПАКО) БИН 011240001485АТКНегізгі шарт пен қосымша шарт арасындағы айырмашылық: 2 236 195 834 теңге (ҚҚС есебімен).  2. Шарт 7 рет қайта жасалды және ұзартылды, соңғысы -15.02.2022 ж.
5270316-1«Алматы қаласының «Жайлы қалалық орта басқармасы» КММ үшін»Алматы қаласы Наурызбай ауданы Қалқаман-2 шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу»15007 466 894 253,79 4 977 929,50 14.12.2020 09:00KAZPACO» ЖШС (КАЗПАКО) БИН 011240001485АТК1.Негізгі шарт пен қосымша шарт арасындағы айырмашылық:  2 314 493 716,61 теңге (ҚҚС есебімен).  2. Шарт 10 рет қайта жасалды және ұзартылды, соңғысы -30.03.2022 ж.
5270318-1«Алматы қаласының «Жайлы қалалық орта басқармасы» КММ үшін»Алматы қаласы Түрксіб ауданының Қайрат шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу»15006 365 364 451,12 4 243 576,30 14.12.2020 09:00«KAZPACO» ЖШС (КАЗПАКО) БИН 011240001485АТКНегізгі шарт пен қосымша шарт арасындағы айырмашылық: 2 153 122 453,33 теңге (ҚҚС есебімен).  2. Шарт 13 рет қайта жасалды және ұзартылды, соңғысы -12.05.2022 ж.
5270413-1Алматы қаласы Алатау ауданы Мәдениет шағын ауданында» Алматы қаласының «Жайлы қалалық орта басқармасы» КММ үшін 1500 орындық мектеп салу15006 253 973 545,79 4 169 315,70 14.12.2020 09:00«KAZPACO» ЖШС (КАЗПАКО) БИН 011240001485АТКНегізгі шарт пен қосымша шарт арасындағы айырмашылық: 1 944 076 622,85 теңге (ҚҚС есебімен).  2. Шарт 11 рет қайта жасалды және ұзартылды, соңғысы -12.05.2022 ж.
5270464-1«Алматы қаласының «Жайлы қалалық орта басқармасы» КММ үшін»Алматы қаласы Алатау ауданы Дархан шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу»  15006 507 604 230,004 338 402,8214.12.2020 09:00«KAZPACO» ЖШС (КАЗПАКО) БИН 011240001485АТКНегізгі шарт пен қосымша шарт арасындағы айырмашылық: 2 238 090 832,31 теңге (ҚҚС есебімен).  2. Шарт 14 рет қайта жасалды және ұзартылды, соңғысы 27.06.2022 ж.  
5270465-1«Алматы қаласының «Жайлы қалалық орта басқармасы» КММ үшін»Алматы қаласы Алатау ауданы Нұркент шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу»15006 346 892 914,60 4 231 261,94 14.12.2020 09:00«KAZPACO» ЖШС (КАЗПАКО) БИН 011240001485АТКНегізгі шарт пен қосымша шарт арасындағы айырмашылық: 2 167 043 824,95 теңге (ҚҚС есебімен).  2. Шарт 13 рет қайта жасалды және ұзартылды, соңғысы – 30.03.2022 ж.

Жаңа мектептер құрылысын мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мен тиімділігін жақсарту жөніндегі мемлекеттік-басқарушылық шешімдердің нұсқалары

Қолданыстағы бақылау және жауапкершілік тетіктерін ескере отырып, жаңа не істеуге болатынын қарастырайық.

Мүмкін, жобалық кезеңнен бастау керек, атап айтқанда: барлық мектептер үшін бірнеше типтік жобаларды (және, тиісінше, типтік сметалық есептеулерді) әзірлеу мен бекітуді қарастыру (шартты түрде: шағын мектептер – 300 оқушыға дейін, орта мектептер – 300-ден 800 оқушыға дейін және үлкен мектептер — 800 оқушыдан жоғары).

Тағы бір тәсіл – салынып болған мемлекеттік мектептердің жобалау-сметалық құжаттамасын пайдалану.  Мемлекет «баға – сапа» арақатынасының ең жақсы теңгерімімен оңтайлы сметалары бар мектептер бойынша үлгілік жобалар базасын құра алады. Содан кейін бұл жобалар базасы жаңа мектептер салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы дайындайтын жобалық компанияларға тегін беріледі.

Мұндай типтік жобалар болған жағдайда, жобалау ұйымының міндеті жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере отырып, жобаларды пысықтау болар еді. Бұл әр жолы жаңа мектептерді жобалау құнына мемлекеттік бюджет шығындарын үнемдеуге мүмкіндік берер еді.

Мұндай қадамдар мемлекеттік қаражаттың артық жұмсалуының «бақылаусыз аясын» шектеуге мүмкіндік берер еді және сатып алу құнын арттыруға жол бермес еді.

 Мемлекеттік сатып алуды бақылау тарапынан ҚР Қаржы министрлігіне бір оқушы орнының құны бойынша есептелетін жобалау-сметалық құжаттаманың ең қымбат он пакетіне (мектеп салу құны бойынша) іріктеп жүйелі түрде аудит енгізу ұсынылады. Аудит жүргізу кезінде сараптаманың барынша ашықтығы мен объективтілігіне қол жеткізу үшін «Атамекен» ҰКП, салалық бизнес-қауымдастықтардың (құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру, электротехника, жылу техникасы және байланыс құралдары), ҒЗИ мен ЖОО сарапшыларын тарту маңызды.

Қоғам мен академиялық қоғамдастықтың белсенді қатысуымен мұндай аудиттің мақсаты — осы сметадағы материалдар, тауарлар мен жабдықтар бағаларының негізсіз өсуін болдырмау.

Сондай-ақ, сатып алуды ұйымдастыру рәсімдеріне нарықтық консультациялар  енгізу мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Ол өткізілетін мемлекеттік сатып алудың ашықтығына қол жеткізуге мүмкіндік береді және әлеуетті өнім берушілер арасындағы бәсекелестік есебінен алдағы конкурс үшін объективті және дұрыс техникалық ерекшеліктер жасауға, өткізілген тендерді әділетсіз деп санайтын және тендерді жоюға күш салатын өнім берушілер үшін бәсекелестік тетігі мен шағым беру институты арқылы әлеуетті өнім берушілер арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен сөз байласудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Нарықтық консультациялар құралы арқылы мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ашықтығы мен бәсекелестігін арттыру және мамандандырылған лоттарға бөлу

Ашықтықты, бәсекелестікті және нәтижесінде мемлекеттік сатып алулардың тиімділігін арттыру үшін біз жаңа мектептерді салу жұмыстарын сатып алуларға «нарықпен кеңесу» сияқты басқарушылық құралды енгізуді, сондай-ақ, сатып алуларды жекелеген лоттарға бөліп  жүргізуді ұсынамыз: құрылыс-монтаждау жұмыстары және мектепті жабдықпен, жиһазбен, спорттық құрал-саймандармен және басқада  мектептегі оқу процесінің қажетті материалдары мен технологияларымен жабдықтауды. Мұндай тәсіл жаңа мектеп құрылысын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру кезінде әлеуетті өнім берушілер үшін неғұрлым бәсекелі орта қалыптастыратын болады.

Мемлекеттік тапсырыс беруші үшін «нарықпен кеңесу» құралының рәсімі мынаны білдіреді. Әлеуетті өнім берушілердің барынша көп саны шақырылады, содан кейін қызығушылықтары бар пулдар айқындалады, оларға тендерлік құжаттаманың жобасы (типтік құрылыс сызбалары мен жобалау-сметалық құжаттаманы қоса) алдын ала жіберіледі. Барлық әлеуетті өнім берушілер тендердің шарттарын зерделей отырып, мемлекеттік тапсырыс беруші ұйымдастырған конференциясында жазбаша немесе ауызша өз ұсыныстарын береді.

Мемлекеттік тапсырыс беруші екі пайдаға қол жеткізеді:

1.Әлеуетті өнім берушілер тендерді жоспарлауды алдын ала біле отырып, басқа әлеуетті өнім берушілермен салыстырғанда анағұрлым бәсекеге қабілетті өтінімді дайындай алады, сапалы маркетингтік талдау жүргізе алады және құрылыс материалдарын жеткізушілермен неғұрлым тиімді түрде келісе алады, нәтижесінде тендерге қатысуға өтінім үшін «баға – сапа» оңтайлы балансын есептей алады;

2.Егер мемлекеттік тапсырыс берушінің сатып алынатын жұмыстар мен тауарларға қойылатын күрделі техникалық талаптары болса, онда әлеуетті өнім берушілермен консультациялар кезінде ол тендерге қатысушы және конкурстың ықтимал жеңімпазы болуға қызығушылықтары бар өнім берушілердің инженерлерінің тегін сараптамасы мен консультацияларын пайдалана отырып, неғұрлым дұрыс және объективті техникалық ерекшеліктерді әзірлей алады.  

Нарықты зерттеу жеткізушілерге, өнімдерге және қызметтерге, соның ішінде болашақ мүмкіндіктерге арналған нарықтық нұсқаларды нақтылауға бағытталған. Зерттеу сонымен қатар бағаның, инновацияның және жалпы бәсекелестіктің кез келген өзгеруін болжау үшін нарықтық тенденцияларды қамтуы мүмкін.

Нарықты зерттеу, мысалы, алдыңғы келісімшарттардан алуға болатын бағалар, шығындар және мүмкін болатын техникалық шешімдер туралы қолда бар ақпаратты жаңартады және толықтырады. Нарықты зерттеу жаңа жеткізушілерді, инновацияларды және арзан шешімдерді қамтиды. Нарықтар мен жеткізушілерді түсінетін клиенттер нарық жағдайларын ескере отырып, тендерлерді жақсы дайындай алады.

Осы мәселені шешудегі басқа елдердің мысалын талдау Интернеттің көмегімен нарық мәселелері бойынша кеңес беру үшін кәсіпорындарды таңдау кезінде транспаренттілік/тең айналым мәселелерінің қалай шешілетінін айқын көрсетеді. Сатып алу ұйымдары өз веб-сайтында нарық мәселелері бойынша кеңес беруге шақырылады. Сондай-ақ, веб-сайттар белгілі бір жоба жоспарланған жағдайларды қоспағанда, бизнестен ұсыныстар мен идеяларды ұсынудың тұрақты құралы ретінде пайдаланылады.

Консультация процесінің алғашқы кезеңдерінің бірі ретінде  өнеркәсіптер үшін  сауалнамалар толтыру жиі қолданылады. Мұндай сауалнамалар қосымша консультациялар үшін маңызды негіз беретінін тәжірибе көрсетіп отыр, өйткені сатып алу ұйымы консультация процесін «басқара» алады және оны нақты тақырыптарға бағыттай алады.

Үлкен және күрделі жобалар жағдайында мүдделі кәсіпорындар көбірек ақпарат алу үшін және екіжақты кездесулерде өз идеяларын ұсыну үшін диалог конференцияларына  шақырылады. Кейде мұндай іс-шаралардың мәлімделген мақсаты кәсіпорындар үшін ынтымақтастықты талқылауға арналған форум құру болып табылады.

Конференциялар мен одан әрі диалогты пайдалану диалогты құрылымдау әрекеті ретінде қарастырылуы мүмкін және осылайша процеске қол жеткізу туралы қарапайым сұрақтан тыс ашықтықты қамтамасыз етеді.

Консультациялар барысында кәсіпорындардың нақты және қосымша ұсынымдарына назар аудару мүмкіндігі болады.

Тұтастай алғанда ашық және тиімді кеңейтілген консультацияларды ұйымдастыру және ЕО практикасы негізінде нарықтық консультацияларға жалпы тәсілді енгізу үшін халықаралық консультанттар келесі шараларды ұсынады:

1. Кез келген шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған шақырулар тапсырыс берушінің сайтында және/немесе Facebook парақшасында (бар болса) жарияланады, сондай-ақ барлық табылған/белгілі шаруашылық жүргізуші субъектілерге жіберілуі мүмкін — сапалы консультациялар, одан әрі өткір бәсекелестік үшін тиісті нарыққа максимум шаруашылық жүргізуші субъектілерін шақыру/тарту идеясы (және кездесуге бизнес өкілдері неғұрлым көп келсе, соғұрлым өз-ара сөз байласу қаупі ықтималдығы азаяды); 

2. Деректер негізінде тендерге әлеуетті қатысушылардың базасын құру Goszakup.kz. Тендер өткізу алдындағы консультациялар өте қисынды және қымбат, күрделі сатып алу позициялары үшін маңызды болуы мүмкін;

3. Оған қатыспаған шаруашылық жүргізуші субъектілерін таныстыру үшін, сондай-ақ ашықтықты қамтамасыз ету үшін бейнежазба жүргізу немесе, кем дегенде, хаттаманы кейіннен жариялай отырып, кездесуді жазу ұсынылады;

4. Консультациялық кездесуде талқылау/презентация тақырыптары келесі мәселелерді қамтуы мүмкін: тендердің бастапқы шарттарын, неғұрлым қолайлы тендерлік рәсімді (ашық немесе шектеулі тендер немесе бәсекелестік диалог) қарауды, лоттарға немесе бірыңғай келісімшартқа бөлуді, тендер өткізудің ең жақсы уақытын, тапсырыс берушінің ішкі ұйымдастырушылық аспектілерін ескере отырып, келісімшартты іске асыру егжей-тегжейін, жеткізілетін тауарларды/көрсетілетін қызметтерді қабылдау (сапасын бақылау) тәртібін/ жұмыс немесе кейбір логистикалық аспектілері, төлем процедуралары және т. б. ;

   5. Кездесулерде тапсырыс берушінің атынан өкілдік ететін команданы ойластырып  таңдауға жол береді, оның құрамына сатып алу процесі бойынша сарапшы/менеджер, сатып алуды бастау бөлімшесінің өкілі, техникалық тапсырманы және тендердің ілеспе шарттарын әзірлеуге қатысатын тұлғалар, сондай-ақ тапсырыс берушінің атынан келісімшартты басқаруға жауапты тұлғалар, мүмкін ішкі аудит бөлімінің өкілі және/немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі лауазымды тұлға (комплаенс) кіреді.

Сондай-ақ, жаңа мектептердің құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын және мектепті жабдықпен, жиһазбен, спорттық құрал-жабдықтармен және мектептің оқу процесінің басқа да қажетті материалдары мен технологияларымен жабдықтауды жекелеген бөлек лоттар арқылы сатып алу ашықтыққа қол жеткізуге және анағұрлым бәсекелі ортаны қамтамасыз етуге айтарлықтай көмектесетіні анық. Мұның бәрі тар нарық сегменттеріне маманданған әлеуетті жеткізушілер арасындағы бәсекелестікті пайдалана отырып, мектепке арналған жабдықтарды, материалдар мен тауарларды тиімдірек сатып алуға ықпал етеді.

Ашық келісімшарттық деректер стандарты

Егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ағымдағы жағдайына тұтастай қарайтын болсақ, онда мынадай мәселе туындайды:

Елдегі басшылықтың саяси ерік-жігеріне, дамыған азаматтық қоғамға, әлеуметтік-жауапты бизнеске, қажетті заңнамалық базаға ие бола отырып, іс жүзінде ашықтық пен қоғамдық бақылау деңгейін арттыруды, мемлекеттік сатып алулардағы сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы тұруды және жоюды мемлекеттік басқаруға, қоғамға және бизнеске қалай қамтамасыз етуге болады?

Әлемнің көптеген елдерінде саясаткерлердің күн тәртібіндегі осы маңызды қоғамдық-саяси сұраққа жауап болып және оның тиімді басқару шешімінің негізделген нұсқасы ретінде Дүниежүзілік банктің бастамасымен 2014 жылы Open Contracting Partnership (ОСР) — тәуелсіз халықаралық коммерциялық емес бағдарлама құрылды. 

OCP миссиясы ашық келісімшарт деректерінің стандарты (OCDS – Open Contracting data Standard) сияқты жекелеген елдің мемлекеттік сатып алуды басқарудың қазіргі заманғы саяси-басқарушылық құралын жаһандық енгізу болып табылады. 

Ашық келісімшарт идеясының өзі екі элементке негізделген: ашық басқаруда және мемлекеттік сатып алу туралы ашық деректерде. Ашық басқаруға реформалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін билік мекемелерінің, жеке компаниялардың және азаматтық қоғамның белсенді, саналы мүшелерін тарту, пайдаланушылармен кеңесу,  байланысқа жауап беру кіреді. Ашық деректер үшін ақпаратты жинау, жариялау және талдау, осы ақпаратпен бөлісу және жүйелік өзгерістерді енгізу құралдарын жасау қажет.

Қазіргі экономикаға деректерге негізделген мемлекеттік сатып алу келісімшарттары үшін тұрақты экожүйе қажет.

Ашық келісімшарттар стандарты (OCDS) – бұл бүкіл әлем бойынша 30-дан астам елдер мен аймақтардың Үкіметіне енген мемлекеттік келісімшарттар үшін ақысыз жалпыға қол жетімді ашық деректер стандарты.

Бұл Үлкен жиырмалық, Үлкен жетілік және ірі халықаралық ұйымдар мақұлдаған жоспарлауға, тендер жайлы хабарландыруларға және мемлекеттік келісім-шарттарды орындауға  қатысты ақпаратты жариялауға арналған бірыңғай халықаралық ашық стандарт.

Дүниежүзілік банк (ДБ) пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ), Ислам Даму Банкі (ИДБ),  Азия даму банкілерінің (АДБ) қатысуларымен ұйымдастырған халықаралық сараптама тобы ашық келісімшарт деректерінің стандартын (OCDS) Қазақстан Республикасында  мемлекеттік сатып алу және «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы жүйелері үшін қабылдауды ұсынды. Сарапшылар тобы 2018-2019 жылдары ҚР Үкіметімен келісім-шарт бойынша Қазақстанның мемлекеттік сатып алу және «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу жүйелерін бағалады [8]. 

OCDS келісім-шарт процесінің барлық кезеңдерінде деректер мен құжаттарды қалай жариялау керектігін түсіндіреді. Ол ұйымдарда келісім-шарттардың ашықтығын арттыруға қолдау көрсету және пайдаланушылардың кең ауқымын келісім-шарттар туралы  деректерді тереңірек талдаумен қамтамасыз ету үшін құрылған.

OCDS ұсынады:

— жариялауға ұсынылатын деректер мен құжаттар өрістерінің жиынтығы;

     — деректердің жалпы құрылымдалған моделі;

     — деректерді енгізу мен пайдалануға арналған нұсқаулық пен құралдар;

     -мемлекеттік-жекешелік әріптестік, еуропалық одактың инфрақұрылымдық жобалары және Бүкіләлемдік Сауда ұйымының сатып алу туралы жалпы келісімі үшін бейін;

     — ocds деректеріне қосымша маңызды ақпаратты қосу мүмкіндігі үшін кеңейту механизмі;

     — тегін Халықаралық қолдау қызметі.

Ашық деректер стандарты мемлекеттік келісімшарттар жасау процесінің барлық кезеңдерінде деректерді модельдеу және жариялау тәсілін сипаттайды. Бұл электрондық сатып алудың техникалық шешімі немесе ақпаратты басқару жүйесі емес. Бірақ Стандартты электрондық сатып алу жүйелерінің ақпараттық дерекқорын әзірлеу үшін пайдалануға болады, ал мұндай жүйелердегі ақпаратты стандартқа сәйкес жариялауға және визуализация, бақылау және талдау үшін пайдалануға болады.

Ақпарат стандартталғандықан оны бейімдеу және басқа көздерден алынған құралдарды қайта пайдалану оңайырақ.

OCDS форматында жарияланған мемлекеттік келісімшарттар туралы мәліметтермен алмасу, салыстыру және талдау оңайырақ. Бұл деректер баспагерлеріне шығындарын азайта және инновацияларды ілгерілете отырып, бар визуализация және талдау құралдарын бейімдеуге және қайта пайдалануға мүмкіндік береді.

OCDS нұсқаулықты ұсынады: не жариялау керек және мемлекеттік келісімшарттар туралы қажеттілігін практиктер, зерттеулер және басқа да мүдделі тараптар растаған ең маңызды мәліметтерді қалай жариялау керек екенін.

Реформаларының кеңірек шеңберінде Үкімет мемлекеттік келісімшарттардың ашық қорытындысын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бағасы мен сапасының жақсы арақатынасын табу үшін, жеке компаниялардың,  азаматтық қоғамның және азаматтардың өзіне сенімін бекіту үшін қолдана алады.

Бүгінгі таңда ашық келісімшарттың деректер стандарты пайдаланушылары 30-дан астам елде бар халықаралық танылған стандарт болып табылады. Бұл әр түрлі юрисдикциялар бір-бірімен жақсартуды қадағалау және өлшеу тәсілдеріне көз қарастарымен бөлісе алатындығын көрсетеді.

Қазіргі уақытта OCDS Австралия, Буэнос-Айрес, Чили, Колумбия, Франция, Парагвай, Ұлыбритания, Украина және Замбияны қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша 30-дан астам ұлттық және субұлттық органдардың құрамына кіреді. Open Contracting Partnership OCDS-пен жұмыс істейтін ұйымдар тізімінің  сілтемелерін жүргізеді.

Еуропалық комиссия өзінің электрондық нысандарын (яғни, ЕО директиваларына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын стандартты) және өзінің электрондық сатып алу онтологиясы жөніндегі жұмыс тобының жұмысын жетілдіре отырып, деректерді жариялауды стандартпен келістіреді.  Электрондық формаларға (eForms) келетін болсақ, ЕО-ның көптеген жаңадан қабылданңан өзгерістері OCDS -ке тікелей де, жанама түрінде де негізделген, модельдеу тұрғысынан болса да немесе кодтар мен идентификаторлар тізімдерін қолданудағы жалпы кеңейту контекстінде болса да.

Еуропалық комиссия сондай-ақ Стандартты мүше мемлекеттер келісімшарттар тізілімдері шеңберінде енгізуіне жәрдемдеседі. Комиссия Италия мен Финляндияға «Еуропаны біріктіру» қаржыландыру қоры арқылы осы мақсаттарға қаржы бөлді.

«Үлкен жетілік» пен «Үлкен жиырмалық»та мемлекеттік келісімшарттарды ашық түрде жасасу принципін қолдады. Олар сондай-ақ ЭЫДҰ сатып алу жүйесінің бағалау әдіснамасына енгізілген. «Ашық үкімет» Серіктестігі де ашық келісімшарттарды трансформациялық реформа ретінде ұсынады.

АВТОРЛАР ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ

Рахманов Нұрғали — Цифрлық қоғам» ҚҚ директоры

Қанибай Динара — «Цифрлық қоғам» ҚҚ талдаушысы

Бұл зерттеуді мына сілтемеден жүктеп алуға болады

АББРЕВИАТУРАЛАР

ҚР — Қазақстан Республикасы

БҰҰ — Біріккен Ұлттар Ұйымы

ЕО — Еуропалық Одақ

ЭЫДҰ — экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

ДБ — Дүниежүзілік банк

ЕҚДБ — Еуропалық Қайта Құру және даму банкі

АДБ — Азия Даму Банкі

ИДБ — Ислам Даму Банкі

ҚҚ — қоғамдық қор

КММ — коммуналдық мемлекеттік мекеме

АБ — ашық байқау

АТК — арнайы тәртіпті қолданатын конкурс

АБІК — алдын ала біліктілік іріктеумен Конкурс

БК — бір көзден

ЖАО — Жергілікті атқарушы органдар

НЗМ — Назарбаев Зияткерлік мектептері

OCDS — ашық келісімшарт деректерінің стандарты

ОСР — Open Contracting Partnership

БАҚ — бұқаралық ақпарат құралдары

ҒЗИ — ғылыми-зерттеу институты

ЖОО — жоғары оқу орны

ЖШС -жауапкершілігі шектеулі серіктестік

АҚ — акционерлік қоғам

АПК- ағаш-полимерлі композит

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ

  1. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000726
  2. https://www.saby.kz/, Ракишевтер отбасының «Сәби» қайырымдылық қорының веб-сайты
  1. https://kapital.kz/real_estate/94754/kazakhstanskiye-deti-smogut-poluchat-besplatnoye-obrazovaniye-po-mezhdunarodnomu-standartu.html
  2. https://kapital.kz/real_estate/94754/kazakhstanskiye-deti-smogut-poluchat-besplatnoye-obrazovaniye-po-mezhdunarodnomu-standartu.html
  3. https://kapital.kz/gosudarstvo/95358/defitsit-uchenicheskikh-mest-ozhidayet-sya-v-kazakhstane-k-2025-godu.html
  4. https://www.inform.kz/ru/podryadchiki-ispol-zuyut-nekachestvennye-materialy-pri-stroitel-stve-shkol-minprosvescheniya_a3978336
  5. https://www.akorda.kz/ru/glava-gosudarstva-provel-zasedanie-vysshego-soveta-po-reformam-28850
  6. https://www.mapsinitiative.org/assessments/Kazakhstan-MAPS-Final%20Report-2020-Rus.pdf
  7. https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000434